Жолдау – жарқын болашақ кепілі

Oinet.kz 04-09-2024 27

Түлкібас ауданында аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы талқыланды. 

Screenshot_12.jpg

- Президентіміздің 2 қыркүйекте жариялаған Жолдауында еліміздің жарқын болашағы үшін даярланған жарқын жоспар мен мәселелердің айшықты тетігін табу мақсатында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Мемлекет басшысы сөзінің басында Парламент өткен сессияда 102 заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технология саясатына, жылу энергетикасына қатысты және басқа да заңдар бар. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік салаға, соның ішінде балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінген. Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанына назар аударып, арқаны кеңге салуға болмайтынын, алдымызда әлі талай ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз», деп негізгі бағытымызды айқындап берді, – деді Нұржан Ізтілеуов. 

Заң баршаға ортақ. Дегенмен, кейбір кәсіпкерлеріміз дүкен, демалыс аймағы және тағы басқа нысандарды заңсыз соғып, одан мол пайда тауып, заңды айналып өтіп, салық төлеуден жалтарынып жүр. Осы ретте, ауданымызда аудан әкімдігінің тікелей бастамасымен, заңсыз кәсіпкерлік нысандарды анықтап, оларды салық базасына тіркету бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Жиында аудандық аудандық құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Ештаевтың айтуынша, жалпы жыл басынан бері аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ тарапынан ауыл- аймақтарға рейдтік шаралар жүргізу нәтижесіне заңсыз кәсібін жүргізіп келген 60 кәсіпкерлік нысан анықталып, соның 32 айыппұл салынған. 16 нысанның иесіне ескертулер жасалып, белгіленген мерзімде құжаттарын заңдастырмаса тиісті шаралар көрілетіндігі ескертілген. Сондай-ақ жиында аудан әкімінің орынбасары А.Нұрлыбай мен аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы У.Халмұратов Мемлекет басшысы Жолдауына азаматтардың құқықтарының заң аясында қорғалуы мен заң талаптарының орындалу жайында сөз етіп, заң үстемдігі барлық моральдан жоғары тұру керектігін сөз етті. 

- Мемлекет басшысының Жолдауында алдымызға ауқымды міндеттер мен бағыттар қойылып отыр. Соның бірі саласы, яғни – Жолдаудың 9 бөлігінде сөз болған, Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет. Сондықтан да бүгінде әкімдіктің негізгі жұмыс бағытының бірі инвестиция тартумен қатар заңсыз кәсіпкерлік нысандардың құжаттарын заңдастырып, салық базасына тіркеу арқылы жергілікті бюджеттің кіріс көзін ұлғайту болып табылады. Сол арқылы біз ауданымыздың әлеуметтік-экономикасын арттырып қана қоймай, көптеген қаржыға тіреліп, түйіні шешілмей тұрған мәселелердің шешімін табамыз. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасаймыз, - деп, жиынды қорытындысында аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы тиісті орынбасары мен жауаптыларға бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесе отырып рейдтік шараларды жалғастыруды тапсырды.

Мақтаарал ауданында Президент Жолдауы кеңінен насихатталуда
Жетісай ауданында жол көлік-логистикасы жақсара түскен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу