Мақтаарал ауданында Президент Жолдауы кеңінен насихатталуда

Oinet.kz 04-09-2024 28

Мақтааралдықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын ел болып талқылауда. Осы тұрғыдан кеше Президент Жолдауында жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды жүйелі орындау мақсатында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен үлкен мәжіліс өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, барша дербес бөлімдер мен мекемелер басшылары, ауыл округі әкімдері, мәслихат депутаттары қатысты. 

Screenshot_11.jpg

Мәжіліс барысында төраға Жолдауда жүктелген міндеттердің маңыздылығы мен басымдықтарына жан-жақты тоқталып, белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру қатаң қадағалауда болатынын, сондай-ақ Жолдауда көрсетілген 9 міндеттің әрқайсысы еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса маңызды екенін атап өтті. 

- Мақтааралдықтар Президенттің Жолдауында айтылған тың бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, ақша-несие, салық саясатына қатысты, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, агроөнеркәсіп кешендеріне инвестиция тарту, инфрақұрылымды, көлік-логистика секторын дамыту, ирригациялық жүйелер мен су шаруашылығы мәселелерімен мұқият айналысу, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт саулығын нығайту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру, қоғамда заң және тәртіп идеологиясын орнату сияқты Мемлекет басшысы көтерген мәселелер мен бастамалар ауданымыздың дамуына тың серпін беретіні сөзссіз. Бүгінгі күні ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық берілуде. Атап айтар болсақ, биыл ауданда 60,6 мың гектар алқапқа түрлі дақылдар орналастырылған болса, оның 33,6 мың гектарына мақта шиті себілді. Қазігі таңда диқандарымыз мақтаға қажетті агротехникалық шараларды аяқтап, дефоляция жұмыстарын жүргізіп, мақта жинау науқанын бастағалы тұр.  Мақта жинау техникалары, мақта зауыттары мен мақта қабылдау бекеттері науқанға толық дайын. Күзгі жиын-терім науқанын сәтті өткізу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл жұмыстар Президентіміз айтқандай аудандағы агроқұрылымдар жүйесінің қаржылық мүмкіндігін арттыра түсері анық, - деді, аудан басшысы. 

Жалпы аудан әкімі сөз еткендей бүгінгі күні мақта терім науқанына дайындау үшін комбайндарға жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілген. Жалпы аудан бойынша мақта теріміне 700-ден астам трактор, 900-ге жуық тіркеме және 200-ден астам мақта терім машинасы қатысады деп күтілуде. Осының арқасында мақтаны машиналық әдіспен теруді 95 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.  Айта кетерлігі, ауданда мақта өңдейтін 7 зауыт және 55-ке жуық мақта қабылдау бекеттері шаруаларға қызмет көрсету үшін жиын-терім науқанына толық дайын. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен жанар жағармай шаруаларға таратылуда.

Ал аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаровтың айтуынша, бүгінгі күні Президенттің Жолдауы Мақтаарал ауданының дербес бөлімдеріндерінде, кенттер мен ауылдық округ әкімі аппаратының ұжымдары мае басқа да мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік мекемелердің ұжымдары арасында насихатталуда.  

Жиын қорытындысында Жолдауда айқындалған жаңа міндеттерді жан-жақты талқылаудан өткізген аудан әкімі Бақыт Асанов аудан жұртшылығы тарапынан Мемлекет басшысының Жолдауы үлкен қолдауға ие болғанын жеткізді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді орындау бағытында облыс әкімі берген тапсырмалардың ауданда тиянақты орындалуын талап етті.

Қазығұрт ауданында Жолдау аясында «Қарызсыз қоғам» жобасы қолға алынды
Жолдау – жарқын болашақ кепілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу