«Ауыл –ел бесігі»: Кентауда көшелер жөнделуде
Биыл Түркістан облысында жалпы 1 100,3 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жыл соңына дейін 546,6 шақырымы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Оның ішінде, Кентау қаласына қарасты 14,5 шақырымнан астам 22 көше бар. Бүгінде «Ауыл- ел бесігі» жобасы аясында аталмыш жолдардың сапасын жақсарту және бақылау жұмыстары қатар жүргізілуде.
Айта кетсек, Кентау қаласында жалпы 374 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Оның ішінде, биыл 14,5 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде биыл қанағаттанарлық жолдардың үлесі 87,3 пайызға жетпек.