Ордабасыда мұқтаж отбасылар баспаналы болды

Oinet.kz 20-09-2022 197

Screenshot_39.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ауылдық жердегі тұрғын үй мәселесін шешу – аса өзекті міндет. Жеке шаңыраққа ие болған жастарымыз ауылда тұрақтап қалудан қашпайтыны анық. Жалпы, ауылдық жерде үй салу баспана мәселесін ғана шешпейді. Мұндай жұмыс экономикалық белсенділікті арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан мемлекет барынша қолдау көрсетуге тиіс",- деп Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына атап өткен болатын.

Расымен де елімізде баспанаға деген қолжетімділіктің аздығы – ең өзекті мәселелердің бірі. Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты да осыны тиімді жолмен шешуге арналған. Анығын айтқанда, үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтарды қолжетімді және сапалы баспанаға жету жолын нақты қарастыру.

Күрмеуі қиын бұл мәселенің Ордабасы ауданда да түйіткілді болғанымен, уақыт өткен сайын мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету істері ілгерілеп келеді. Оның ішінде әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың жағдайы басты назарға алынған. 

Осы ретте бүгін Бадам елді мекенінде  12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов баспана иелеріне салатанатты түрде баспана кілттерін табыстап, құттықтауын жеткізді.

«Пәтерлер шын мұқтаж азаматтарға беріліп отыр. Баспана алған отбасыларды, азаматтарды шын жүректен құттықтаймын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. Алдағы уақытта да баспанаға мұқтаж отбасыларды үймен қамту жұмыстары жүретін болады», - деді аудан басшысы. 

Аталған баспаналар көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобындағы отбасыларға және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға беріліп отыр. 

Айта кетейік, қазіргі таңда аудандық тұрғын үй кезегінде «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша – 772, «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша – 526 азамат кезекте тұр.

Түрік компаниясы Түркістанда бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниетті
Ясауи кесенесінің қазіргі ахуалы талданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу