Ардагерін сыйлаған ел тозбайды

Oinet.kz 22-09-2022 308

Screenshot_26.png

Ордабасы ауданының орталығындағы Мәдениет үйінде “Ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Ордабасы аудандық филиалының IV пленум отырысы болып өтті. Аталған шараға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы, ауылдық округтердегі ардагерлер кеңесінің жетекшілері, әкелер мектебінің, аналар кеңесінің өкілдері қатысты. Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі бағыттар мен олардың жүзеге асырылуы, тиімділігі, өзектілігі айтылды. Сондай-ақ ұйым тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар сөз болды. Ауылдардағы бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмысын жетілдіру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жастар тәрбиесіндегі, ұлттық құндылықтарды жаңғыртудағы, бірлік пен берекені нығайтудағы ардагерлердің міндеттері, негізгі атқаратын жұмыстары тереңірек пысықталды. Өз кезегінде аудан басшысы аймақта ардагерлерге көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдауларға, ардагерлер мен зейнеткерлерді сауықтыру бағытындағы шаруаларға кеңінен тоқталып, ауданда әр салада атқарылып жұмыстарды ел-жұртқа түсіндіруде, насихаттауда қарттарымыздың рөлі қашанда ерекше екенін тілге тиек етті.

"Президент еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Жолдаудан әрбір адамның көкейінде жүрген мәселелерді қамти отырып, мемлекеттің дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын сезіндік. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел Президенті өз жолдауында ең төменгі айлықтың 60 мың теңгеге өсетінін хабарлап, азық-түлік бағасын ерекше қадағалауды тапсырды. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймын. Жалпы, бұл Жолдауды тарихи оқиға деуге негіз бар. Президент Қазақстанның экономикалық-əлеуметтік дамудың жаңа белесіне шыққанын айтты. Тəуелсіздік жылдарында еліміз айтулы белестерді бағындырды. Дегенмен, əлі де атқарылар жұмыстар аз емес. Бұл туралы ашық жəне əділ айту керек. Өзімізге өзіміз өткір сауалдар қойып, ақылға қонымды жауап таба алғанымыз жөн.

Жаңа кезең Үкіметтен жаңаша жолды талап етеді. Қазір ұлт болып ұйысып, бірлесе жұмыс істейтін уақыт келді",- дейді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков.

Бүгінгі таңда Ордабасы ауданында 11 408 қарт зейнеткер өмір сүріп жатыр. 1 Ұлы Отан соғысының мүгедегі бар. Одан бөлек 301 тыл ардагері, 7 қайтыс болған соғыс мүгедегінің әйелі тұрып жатыр. Жалғызілікті қарттарымыз 119-ды құрап отыр. Жастары жүзден асқан 6 қария бар.

Келесте мәдениет үйі салынады
Бәйдібек ата елдімекеніндегі көпір жөнделді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу