Бала қауіпсіздігі - қоғам тыныштығы

Oinet.kz 23-09-2022 1039

Screenshot_7.png

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде: "Тағы бір маңызды міндет – әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау.  Министрлікте осындай істерді тергеумен айналысатын арнаулы бөлім қайта ашылды. Бұл дұрыс. Менің тапсырмам бойынша биыл әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көрсететін орталықтар құрылды. Бұл орталықтар қазір пилоттық режимде жұмыс жасап тұр. Онда психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар жасалады. Арнайы даярлықтан өткен тергеуші әйелдер зардап шеккен жандарға жәрдем береді. Жалпы, бұл орталықтар тиімді жұмыс істеп жатыр. Мұндай орталықтарды бүкіл ел аумағында ашып, ауқымын кеңейту керек. Үкіметке және әкімдерге осы жұмысты қолға алуды тапсырамын. Біз аналар мен балалардың бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Сол арқылы өркениетті, дамыған елдің берік тұғырын қалыптастырамыз",- деп балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудың мағыздылығына тоқталып,бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын.

Осы ретте Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша кездесу өтті. Ата-аналардың қатысуымен өткен басқосуда кұзырлы орган өкілдері мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне тоқталды. 

Жиында Түркістан қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Береке Жұмабаева мен Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Елжас Асанов түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орталықтары мен компьютерлік ойынханаларда жүрмеуін қадағалауды ескертті. 

Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасованың айтуынша, балалардың сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алуы үшін ұстаздардан бөлек, ата-ананың да орны мен рөлі айрықша. Сондықтан, өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына қоғам болып үлес қосу әрдайым бірінші кезекте тұруы қажет.

Кездесу барысында ата-аналар тарапынан ұсыныс білдіріліп, құзырлы орган өкілдерімен ашық диалог орнатты. Пікір алмасу форматында өткен жиынға қатысушыларға құқықтық тәрбиеге негізделген жадынамалар таратылды.

Басшылар кітапхана қорын толықтырды
Әйелдерге тігу өнерін тегін үйретіп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу