Әр азаматтың мәселесі әкім бақылауында

Oinet.kz 13-09-2022 450

Screenshot_6.png

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойған болатын. Онда "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" делінген. Жаңа құжат бойынша, облыс әкімі жарты жылда бір рет "әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесу", республикалық маңызы бар қала, астана әкімі "қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу", аудан әкімі "әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу және азаматтарды жеке қабылдау өткізуі тиіс.

Жарлық бойынша Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың  тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылауы ерекше нотамен басталды. Қабылдауға келгендер сөзді ең бірінші өзін толғандырған мәселеден бастаса, бүгінгі кездесуге келген ақсақалдар аудан басшысына ақ батасын беріп, әрдайым ел игілігі жолында еңбек ете беруіне тілектерін жеткізді. 

Қабылдауға келген Жаңажол ауылының тұрғыны балаларға арналған ойын алаңшасында қауіпсіздікті сақтау үшін мүмкіндіктер қарастыруды, ішкі көшелерге аяқ жол, түнгі жарық, жол кедергілерін  орнатып беруді сұранды. 

Біркөлік елді мекенінен арнайы келген бір топ азамат мектеп жасындағы балалар саны артуына байланысты білім ошағына жаңа ғимарат тұрғызып беру жөніндегі өтініштерін жеткізді. Сондай-ақ, Боралдай және М.Мақатаев көшелеріне асфальт төсеуді сұранды. 

Бірінші Мамыр елді мекенінің тұрғыны тұрғын үй құрылысы мақсатында алған жерінің шекарасы мен қызыл сызықтан асып кету салдары жөнінде сұрақтарын қойды. 

Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Сала басшыларына қабылдауда көтерілген  мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды  тапсырды.

Бизнес өкілдері марапатталды
Кезекті кездесу Көксәйекте өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу