Жаңақұрылысқа газ келеді

Oinet.kz 14-09-2022 221

Screenshot_60.png

Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Әйтеке би елді мекеніндегі  Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 76,0 және 36,0 гектарды жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-

коммуникациялық желілерді салу жұмыстарының ішінде газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жергілікті тұрғындар мен мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. 

Жаңақұрылыс аумағындағы 76,0 га жеке тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен сметалық құны бойынша  370 млн. теңгеден аса қаржы қаралған. Жалпы жоба жұмыстары аяқталғаннан кейін, 696 дана учаске газға қосылатын болады. Газдың шығыны жылына 5981,528 мың метр текшені, ал электрдәнекерленуші газ өткізгіш болат құбырының ұзындығы 4,505 шақырымды құрайды. Құрылысын жүргізіп отырған мердігер мекеме - «Ремстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жобалаушы мекеме  «А Строй Проект», техникалық қадағалаушы мекеме - «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС-і. Нысан құрылысына биыл  316,9 миллион теңге қаралып, 179,3 мың теңгесі игерілген. 

Сонымен қатар, осы аумақтың 36,0 га жеке тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен сметалық құны бойынша 148,5 илн. теңге қаралған. Оның ішінде нысан құрылысына ағымдағы жылы 124,01 миллион теңге қарастырылып,  35 миллион теңгесі игерілген. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 307 дана учаскені қосу жоспарлануда. Газдың жылдық шығыны 2638,404 мың текше метр. Газ өткізгіш полиэтилен құбырының ұзындығы - 8,180 шақырым. Электрдәнекерленуші газ өткізгіш болат құбырының ұзындығы  0,031 шақырымды құрайды. «Алматы Production Construction & Invest» ЖШС-і құрылысын жүргізуде. Мұнда да жобалаушы мекеме «А Строй Проект», техникалық қадағалаушы мекеме - «АБД Строй» ЖШС-і. 

 Бүгінгі таңда аталған нысандарда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталған, келесі 2023 жылға өтпелі.

Аралау соңында аудан әкімі елді мекеннің жаңақұрылыс бөлігіне газ тарту жұмыстары мерзімінде және сапалы атқарылуы тиіс екенін тілге тиек етті. 36 гектар аумағының төменгі жағында тұратын тұрғын саны көбеюіне байланысты осы бөлікті газ жүйемен толық қамтуды сұранып отырғанын  аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев жеткізді. 

 Айта кетелік, екі аумаққа ауыз су және электр жүйелері тартылған.  

Аудан әкімі арыстықтармен кездесті
Елге шарапаты тиген жоба
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу