Сайрамда жылыжайлар көбеюде

Oinet.kz 05-09-2022 334

Screenshot_3.png

Сайрамдық шаруалар жылыжайда бақша өнімдерін егуде сарығаштық диқандардан кем түспейді. Биыл аудан аумағындағы жылыжайдың көлемі 60 гектарға жеткен. Бұл көрсеткіш жылдың соңына дейін артады дейді ауыл шаруашылығы саласының мамандары.

Ынтымақ ауылындағы жылыжай иесі Селимхан Валиевтің пайымдауынша «аралар он адамның жұмысын атқарады. Бұл жаңашылдық бір жылда екі -үш рет өнім алуға мүмкіндік береді»- дейді кәсіпкер. Жылыжайда бірінші айналымында қиярдың «Меренга» сорты егілген. Екінші айналымында «Умагна» голландиялық сортынан 13 мың түп қызанақ егілген. Бүгінде жылыжай жемісін беріп жатыр.

 «Болашақта жылыжайдың алаңын 2,5 гектар жеткізуді жоспарлаудамыз. Шаруашылықта мал шаруашылығын да жолға қоймақпыз. Бұл бағытта  малға да тапсырыс жасап қойдық»,- дейді кәсіпкер Селимхан Валиев. Жылыжайда жұмыс жыл бойы жалғасады. Одан бөлек көктемнен бастап қар түскенге дейін егін алқабындағы қызанақ, қияр және өзге де бақша өнімдерін баптауға ауыл тұрғындары жұмылдырылған.

 «Жылыжайда 9 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Олар өздері барлығын үлгереді, біз оларды ынталандырамыз сыйақы береміз. Бұдан бөлек жылыжайдың жанындағы жер алқабында  бақша өнімдері бар, онда  маусымдық жұмысқа  20-25 адам жұмылдырылады»,- дейді Селимхан Валиев.

Сайрам ауданында ағымдағы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 46,7 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы өнім көлемі 7,7 миллиард теңгені, мал шаруашылығы 39,0 миллиард теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,5 пайызды құрады. Есепті мерзімде 7 гектар жылыжай іске қосылып, аудандағы жалпы жылыжай көлемі 60 гектарға жетті.

«Үкіметтен тыңайтқышқа, пестицид пен гербецидке субсидия беріледі. Және өндірістік жылыжайдағы қызынақтың тұқымына -48, ал қиярдыкіне -38 теңге субсидия беріледі. Онда да тұқым үлестіретін шаруашылықтың лицензиясы болуы шарт»,- дейді Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы  Шухрат Құрбанәлиев.

Аймақтағы жылыжайлардың көлемі жылдан жылға артып келеді. Былтыр 53 гектар болса, биыл «Зәуре» шаруа қожалығының 6 гектар жер телімінде «Өнеркәсіптік жылыжай құрылысы» жобасы және фермерлік шаруашылықтар есебінен 1,035 гектар жер телімінде жылыжайлар іске қосылды.


Түркістанда алғаш рет «Кәсіп Talks» форумы ұйымдастырылды
Тігіншілікті кәсіп еткен Тұрсынай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу