Бақшасында лимоны жайқалып тұр

Oinet.kz 04-09-2022 244

Screenshot_1.png

Егін мен мал шаруашылығымен айналысатын Ордабасы ауданының халқы жылыжайда бақша өнімдерінен бөлек цитрусты жеміс егуді қолға алған. Бұдан бөлек, диқандар субсидия бөлінетін жеміс жидектерге де көңіл бөлуде. Темірлан ауылындағы Сейдазимовтар отбасы ауыл шаруашылығы жер алқабында бау, жылыжайда лимон егіп, еңбек етуде.

Ордабасы ауданында Қажымұқан ауыл округіне қарасты Ынталы ауылында лимон өсіретін Сейдазымовтар отбасын білмейтін жан жоқ шығар. Бүгінде айтулы отбасыға тиесілі «Елнұр-Айдар» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне тиесілі 5 гектар жер алқабының 50 соттық жылжайында цитрусты жемістер жайқалып тұр. 5 жыл бұрын жерсіндірілген көшеттерден бүгінде өнім бітік шыққан деуге болады.

 «2019 жылы 5 тонна, 2020 жылы 15 тонна, ал былтырғы жылы 25 тонна өнім алдық. Биыл 35 тонна лимон жинаймыз деп отырмыз»,- дейді Ордабасы ауданының тұрғыны Айдар Сейдазымов.

Байқағандарыңыздай жақсы күтімнің арқасында мұндағы лимон ағаштары жайқалып тұр. Айта кетейік, биыл жылыжайда тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсілі кеңінен қолдануда. Былтыр бір көшеттен шаруалар 76 кг лимон алған. Ал айтулы өндірістік кооперативтің цитрус өнімдерін баптау тәжірибесі облыс көлемінде дәріптелуде.

 «Қазір ОҚУ-мен келісімшартқа тұрғанбыз студенттер келіп біздің шаруашылықта іс-тәжірибеден өтеді»,- дейді Айдар Сайдазымов.

«Елнұр-Айдар» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі лимоннан басқа біздің өңірге таңсық анар және тау етегінде өсетін бес жұлдыз алмаларын өсірумен айналысуда. Өнімдердің дәмін аудан жұртшылығы ғана емес, республика бойынша өңірлер тұрғындары татуда.

Кәсіп ашамын деушілерге мемлекет қолдау көрсетеді
Түркістанда алғаш рет «Кәсіп Talks» форумы ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу