Солтүстік Оңтүстіктің дихандарын шақырады

Oinet.kz 30-08-2022 255

Screenshot_8.png

Солтүстік қазақстан облысы оңтүстік дихандарын шақырады! Қоныс аударған шаруаларды мол мүмкіндіктер күтіп тұр. Қандай да бір ауыл шаруашылық техникаңыз болса, мемлекеттік конкурс арқылы тегін жер алуға болады. Көшіп келушілерге арналған мұндай көмекке Шардаралық Ғани Есмұрзаевта ие болған. Дихан жергілікті әкімдік берген 14 гектар алқапқа қарбыз егіп, мол өнім алуда екен. 

Ғани көшіп келген уақыттан бастап ауласына көкөніс егуді қолға алған. «Былтыр, 500 түп қызанақтан 1 тонна өнім алғанда бұл жақтың топырағы құнарлы екеніне көзім жетті» дейді ол. Сондықтан биыл оңтүстікте ғана көптеп егілетін қарбыздың тұқымын солүстіктің топырағына сеуіп көріпті. Нәтижесі де жаман емес.

 "Ең бірінші жері ұнады. Қыстың күнгі қардың ылғалымен және жаңбыр көптеп жаууына байланысты өнімді суарып әуре болмайсыз..." дейді Есіл ауданының тұрғыны Ғани. 

Шардаралық шаруа түстіктің өміріне біте қайнасып кеткен. Бүгінде, Есіл ауданындағы алдыңғы қатарлы кәсіпкер. «Оңтүстікте арман болған көмектің барлығын осы жерге келіп алып жүрміз. Не береді деп емес, не істей аламын деп келу керек мұнда» дейді ол. 

Ғани қоныс тепкен Есіл ауданы мал ұстап, егін егуге өте ыңғайлы. Тұрғын саны аз болғандықтан кәсіпкерлікке арналған жер алу қиындық тудырмайды. Сондай-ақ бизнес бастағысы келетін жандарға жеңілдетілген несиелер де қарастырылған. 

 "Кәсіп ашқысы келген жандарға мемлекеттік қаржы ұйымдары арқылы көмек көрсетіледі. 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз гранттар бар",- дейді Есіл аудандық Жұмыспен қамту орталығынң маманы Қасым Тұрдыбекұлы.

Дәл қазір ауданға еліміздің оңтүстік өңірлерінен 200-ден аса отбасы қоныс аударған. Мемлекеттік бағдарлама басталған уақытта бері Есіл халқының саны 700-ге көбейді. Бұл өз кезегінде жұмыс күшінің жетіспеушілігін жойып, солүстікті қазақыландыру ісіне үлкен сеп болмақ. 

Айта кетейік, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру арқылы 2026 жылға дейін солтүстікке қоныс аударған азаматтардың жұмыспен қамту деңгейін 87 пайызға дейін жеткізу көзделген. Инфрақұрылымдық жобаларды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін оңтүстік аймақтардан 35 мың адамды тарту жоспарланған. Еңбек күші тапшы өңірлерді қолдау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылардың квотасын бекітеді. Биылғы жылы квота 6 587 адамды құрады.

Халықтың тұрмысын түзейтін Жолдау
Балық өсіріп пайда табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу