«AMANAT». Мәселеңіз шешілді!

Oinet.kz 10-09-2022 341

Screenshot_3.png

Тұрғындардың талап-тілектері мен мәселелерінің оң шешімін табуы үшін Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары айтарлықтай жұмыстар атқаруда. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық және аудандық, қалалық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтар сан түрлі өтініштермен келеді. Тұрғындарды толғандырған мәселелердің біразы инфроқұрылым, жұмыспен қамту салаларына қатысты. 

Сондай-ақ талап-тілектердің бірін Сарыағаш ауданының тұрғыны А.Байсынбаева аудандық мәслихат депутаты Н.Байғазиевтің өткізген қоғамдық қабылдауына айта келген. Азаматшаның басты өтініші – баспанасына көгілдір отын құбырын тарту. Бұл істі өз қаражатына жасауға отбасының әлеуметтік жағдайының жетпейтіні де мәлім болды. А.Байсынбаеваның мәселесін мұқият тыңдаған фракция мүшесі Н.Байғазиев табиғи газ құбырын жүргізуге қаржылай көмектесіп, жанұяға жылу сыйлады. 

Көптеген ата-ана бүлдіршіндерін бөбекжайға тапсырған соң олардың қимыл-әрекеттерін жіті қадағалауда болғанын қалайды. Осы орайда, тәрбиешілер үшін балабақшаларда бейнебақылау камераларының орнатылғаны үлкен көмегін тигізеді. Шардара аудандық  мәслихатының депутаты Т.Жалғасбаевтың өткізген қоғамдық қабылдауына “Балауса” балабақшасының әдіскері Г.Отарова жоғарыда аталған мәселе бойынша өз өтінішін білдірген. Балалардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытқан Г.Жексенбайқызының өтінішін халық қалаулысы Т.Серікбайұлы жерге тастамай, бөбекжайға бейнебақылау камераларының орнатылуына ықпал етті. Өз кезегінде, мекеме қызметкерлері мен ата-аналар фракция мүшесіне алғысын жаудырды. 

Қоғамдық қабылдауға келіп түскен өтініштердің орындалуына «Jastar Ruhy» жастар қанатының еріктілерінің де үлесі бар. Мәселен, партияның Арыс қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына келген О.Близнецева жұбайының денсаулығы ауыр жұмысқа жарамайтынын айтып, ауласын шөптен тазалауға және ағаш бұталарын кесуге көмек сұрай келген. Азаматшаның өтінішін партияның Арыс қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Б.Ділдәбеков назарға алып, “Жастар рухы” жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы М.Сарыпбековамен бірлесе отырып шешу жолдарын қарастырды.  Нәтижесінде, аталған азаматтар мен ерікті жастар ұйымдаса келе зейнеткер ананың ауласын арамшөптерден тазартып, ағаштардың артық бұталарын шауып берді. Қала тұрғыны О.Николаевна сауапты іске атсалысып, белсенділік танытқан жас волонтерлерға үлкен алғыс білдірді.


«Жер Аманатының» комиссиясы 521,3 мың гектар жайылым жерді қайтарды
«TALQYLAU» талай мәселені талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу