«AMANAT» мәселені шешуде
Түркістан өңірінің барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары тұрғындардың талаптарын ескерусіз қалдырмай, мәселелерінің шешілуіне оң ықпал етіп келеді. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен өтініштердің қатарында: инфроқұрылым, қаржылай көмек, жол жөндеу жұмыстары секілді мәселелер бар.
Мәселен, партияның Сарыағаш аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаты Г.Ізбасарованың өткізген қоғамдық қабылдауына Қабылов көшесінің тұрғындары асфальт жұмыстары аяқталмағанын айта келген. Азаматтардың өтінішін мұқият тыңдаған Фракция мүшесі Г.Ізбасарова қала әкімі М.Доспуловқа, автомобиль және көлік жолдары бөліміне бірнеше рет депутаттық сауал жолдады. Нәтижесінде тамыз айының басында аталған көшенің 210 метріне асфальт төселіп, тұрғындардың талап-тілегі орындалуда.
Сондай-ақ партияның Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көпбалалы ана Д.Сайдуллаева қаржылай көмек қолын созуды сұрай келген болатын. Партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ғ.Сәрсенбаев мәслихат депутаты Ғ.Худияровқа өтініш иесінің мәселесін назарға алуды тапсырған болатын. Азаматшаның жағдайына алаңдаушылық білдірген халық қалаулысы әлеуметтік көмекке мұқтаж жанұя мүшелеріне қаржылай қолдау білдіріп, өтінішін қанағаттандырды. Өз кезегінде Д.Абдурашидқызы Ғ.Батырханұлына алғысын білдірді.
Дәл осындай өтінішпен Сауран ауданының тұрғыны Р.Арынов аудандық мәслихат депутаты Талғат Садуовтың қоғамдық қабылдауына жазылады. Бабайқорған ауылы, Абай ауылдық округінің азаматы өзінің жұмысқа жарамсыз екенін айта келе, дәрі-дәрмек үшін қаржылай қолдау сұрай келеді. Р.Арыновтың мәселесін назардан тыс қалдырмаған Талғат Нұралыұлы дәрі-дәрмек үшін қаржылай көмек көрсетіп, медициналық тексерістен өтуге де сеп болды. Қаржылай мәселесі оң шешілген тұрғын халық қалаулысына алғысын жаудырды.