Шілікте ел игілігі үшін атқарылған жұмыстар аз емес
Бүгін Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың кезекті халықпен кездесу жиыны Ақтөбе және Шілік ауыл округтерінде жалғасын тапты. Кездесуде аудан басшысы тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады.
Аудан әкімі алдымен 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауындағы міндеттерге тоқталды. Ол өз сөзінде биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанын атап өтті.
Айта кету керек ағымдағы жылы Ақтөбе ауыл округінде біршама ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, аудандық бюджет есебінен Ақтөбе ауылындағы Бірлік көшесіне асфальт жол төселсе, жергілікті 4-ші бюджет қаржысы мен ауылдың 20 жылдық түлектері демеушілігімен Ақтөбе ауылындағы 2 көше (Қ.Мұңайтпасов көшесі-ұзындығы 900 м, А.Құнанбаев көшесі-ұзындығы 150 м.) жарықтандырылды. Сондай-ақ, жарық жүйелерін жаңғырту бағдарламасы аясында мектеп трансформаторы мен электр желілері, бағаналары жаңартылды. Сонымен қатар биылғы жылы Ақтөбе ауыл округі бойынша 3251 га егіс егу жоспарланып, тапсырма толығымен орындалды. Жыл сайын ауданда ағынсу тапшылығы орын алуда, осыған орай суды үнемді пайдалану үшін «Азия Агро Групп» АӨК аталған ауылдағы 70 га алқапқа тамшылатып суғару әдісі арқылы жүгері дақылын екті. Мұнан бөлек Құлан каналына 1 дана «СНПЭ-500» су насосы орнатылып, 256 га. жерге жүгері, жоңышқа дақылдары егіліп, айналымға қосылды.
Шілік ауыл округінде де ел игілігіне бағытталып атқарылған жұмыстар аз емес. Мәселен, аудандық бюджет есебінен Жаңа Шілік ауылындағы Қажымұхан және Ж.Жабаев көшелеріне асфальт жол төселсе, жергілікті 4-ші бюджет есебінен Ескі Шілік ауылындағы Ескі мектеп көшесіне тас жол төселеді. Сондай-ақ аудандық бюджет есебінен ауыл округінен өрт сөндіру бөлімін ашуға қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсымен «АзияТехПож Сервис» ЖШС жеңімпаз болып, ағымдағы жылдың тамыз айында 1-дана өрт сөндіру автокөлігі алынып, мекеме жұмысын бастады. Ауыл тұрғындарынан 8-азамат, өзге аймақтардан 3-азамат, барлығы 11 азамат маусымдық жұмыспен қамтылды. Ауыл округі бойынша ағымдағы жыл 1304 га егіс егу жоспарланып, жоспар орындалды. Шаруаларының ұсыныстары негізінде ағымдағы жылғы егіс алқаптарын суару үшін Шаян қашыртқысы арқылы босатылатын ағын суға «Тұран су» МКК-мен келісім шарт түзіліп, шаруалар арзадатылған бағада ағын су қызыметін пайдаланды.
Кездесуден кейін аудан әкімі С.Асылханұлы қос ауыл округінің тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, талап-тілектерін тыңдады. Жиында және қабылдауда айтылған ұсыныс-пікірлер басты назарға алынып, орындалуы заң аясында оң шешімін табатынын жеткізді.