Бір алқаптан 2-3 өнім алуда
Бүгінгі күні Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі – ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы саладағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылығы саласын дамытудың тетіктерін жыл сайынғы Жолдауында арқау етіп келеді. мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әсіресе соңғы жылдары өңірлерде "Бір алқаптан 2-3 өнім алу" жобасы қарқынды іске асып келеді.
Бұл жобаны іске асыруда түркістандық шаруалар алдына жан салмай келеді. Солардың бірі Төлеби ауданы, Көксәйек ауылдық округінің тұрғыны Сәрсенбек Исмахов. "Ақсауле" шаруа қожалығының төрағасы аталмыш жобабойынша 1,5 га егістік жеріне өнім егіп, 1 алқаптан 2-3 өнім алуда. Бірінші өнімге сарымсақ егіп 3,4 тонна өнім жинап алынған, екінші өнімге қызанақ, қияр, баялды, асқабақ, картоп, қызыл бұрыш еккен. Қожалық иесі С. Исаховтың айтуынша қазіргі уақытта күнделікті өнімдер жиналып ауыл тұрғындарына сатылымға шығарылуда. Алдағы уақытта жалпы екінші өнімнен 18 тонна өнім жинау көзделуде.
Айта кетейік, бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін еселеуге септігін тигізуде. Сонымен қатар, сауда-саттықты, жалпы аймақтың экономикасын дамытуға оң серпін беруде. Тәжірибе көрсеткендей, жобаның тиімділігі жылына 1 гектардан 7 - 8 миллион теңгеге дейін табыс табуға болатындығын көрсетті, яғни 2- 2,5 есеге артық өнім алуға болады. Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысы Қазақстандағы ең қолайлы өңір болып табылады. Облыста 71 мыңға жуық шаруашылықтар бар, бұл – Республиканың 35 пайызы.