Балаларды ерлікке баулитын кітап көрмесі өтті
Жас ұрпақ білімді болса елдің келешегін көркейтіп, еліміздің еңбек нарығын алға сүйрей түсері сөзсіз. Ол үшін өскелең ұрпаққа сапалы білім берілуі тиіс. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында арнайы тапсырма беріп, отыз таңдаулы кітапты ұсынған болатын. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімдігі 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасының іс-шаралар жоспарын бекіткен еді.
Таяуда Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасында кітапханашы А.Доғабаеваның ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында 30-тамыз Конституция күніне орай «Елдің асыл тірегі – ата заң» атты кітап көрмесі болып өтті. Көрмеге мектеп оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқырмандардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, Отан сүйгіштікке баулу.
"Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығайып келеді",- дейді ұйымдастырушы.
Айта кетейік, «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы – кітап оқудың мәртебесін, оның белсенділігі мен сапасын арттыру, балалардың мәдени және құзыреттілігін дамыту, жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.