Жолдауға қолдау білдірді

Oinet.kz 06-09-2022 292

Screenshot_45.png

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары С.Садибаевтың төрағалығымен ішкі саясат мәселелері жөнінде жиналыс болып өтті.  Жиналысқа ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Құрышбаев, бөлімнің сектор меңгерушісі М.Қалеке, ішкі саясат саласына жауапты  ауылдық округ әкімінің орынбасарлары мен  мамандары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке баяндама жасады.

Жиында баяндамашы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын жариялап, реформалардың нақты 5 бағдарын айқындап бергенін жеткізді.  Сонымен қатар, олар жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп екенін атап өтті. 

Жолдауда әйелдердің зейнет жасын 61 жас деңгейінде қалдыру, ең төменгі жалақы деңгейін 70 мың теңгеге дейін көтеру, кәсіпкерлерге 2,5 пайыз көлемінде несие беру, 18 жасқа дейін әр балаға Ұлттық қордың инвестициялық табысынан тиісті төлемақы беру бастамалары елден қолдау табатынын мәлім етті.

Осыған орай, Президент Жолдауында айтылған тапсырмалар мен бағыт – бағдарлар туралы кездесулерде, дөңгелек үстелдерде, мәжілістер мен жиындарда көптеп насихаттау қажеттігін жеткізді. 

Бұдан бөлек, күн тәртібіндегі мәселе бойынша  жауапты ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және олардың арнайы мамандары үшін оқыту семинарлары ағымдағы жылғы қыркүйек айында өткізу,  Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізуді қолға алу керектігі тапсырылды. 

Жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев қорытындылап, берілген тапсырмаларды уақтысында орындауды тапсырды. 

Сауранда 3 жаңа мектеп ашылды
Әкімге өтініштерін жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу