Мақтааралда мақта терім науқаны басталғалы тұр

Oinet.kz 03-09-2022 359

Screenshot_31.png

Мақтаарал ауданында биыл 40,4 мың гектар алқапқа мақта егілген. Қазіргі таңда жаппай мақта терім науқаны басталғалы тұр. Әрине, мақтаның толық ашылуы үшін дефоляция жұмыстарының маңызы зор. Осыған байланысты  Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінде және Жамбыл ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаровтың төрағалығымен мақтаға дефоляция жұмыстарын жүргізу бойынша семинар-кеңес өтті. 

Жалпы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінде өткен семинарға А.Қалыбеков, Достық, Еңбекші, Жаңажол ауылдық округінің шаруалары, Жамбыл ауылдық округінде өткен семинарға Бірлік, Мақтаарал, Иіржар ауылдық округтерінің шаруалары қатысты. 

Семинар кеңесте мақта дақылын сапалы түрде жинап алу мақсатында тез арада дефоляция жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ, сатып алынатын дәрілерді арнайы фирмалардан құжат арқылы алып, мемлекет тарапынан бөлінген субсидияға қол жеткізу керектігі түсіндірілді. Алдағы жиын терімді сапалы және уақытылы өткізу үшін аудан бойынша 180-нен астам "ОВХ" дәрі шашатын тракторы, 1 дана жаңадан алынған дрон техникасы және 250-ден астам мақта теретін комбайн сақадай сай тұрғандығы айтылды.

Иіржар ауылдық округіндегі "Исмадияр" шаура қожалығының торағасы Әлімхан Исмадияров өз қаражаты есебінен 850 мың теңгеге жаңадан қолданысқа енгізіліп жатқан дрон дәрі шашатын техникасын алып келіп, техниканың пайдасы жайлы шаруаларға кеңінен таныстырылды. Бұл технологияның пайдасы шашатын дәріні үнемдеуге және суғарылған алқапқа кез келген уақытта шашуға мүмкіндік береді екен. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда мақтааралдық диқандар 3 мың гектарға жуық мақталық алқапқа дефоляция жұмыстарын жүргізіп үлгерген. 

Тілдер мерекесі - ұлттар арасындағы достықтың дәнекері
Атакент тұрғындарының айтары бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу