Шардарада 1875 бала 1 сыныпқа қабылданды

Oinet.kz 01-09-2022 295

Screenshot_17.png

1 қыркүйек – білім күніне орай, Шардара аудандағы барлық білім беру мекемелерінде алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиев  14-бекеттегі жаңадан салынған 300 орындық А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратына барып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Еліміздің ертеңгі болашағы саналатын балаларымыздың алаңсыз оқулары үшін мемлекетіміз бүгінде барлық тиісті жағдайды жасап отыр. Міне бүгін білім күніне орай ауданымызда заманауи үлгіде жаңадан салынған 300 орындық А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты пайдалануға беріліп отыр. Ұстаздарымыздың ендігі міндеті – жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру. Осынау білім ұясынан елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын үлкен азаматтар тәрбиеленіп шыға берсін» - деді Б.Шомпиев. 

Сондай-ақ, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Жантөреева, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Н.Ыбрайым және басқа да қатысушылар құттықтау сөз сөйлеп, алғашқы қоңырау соғылды. Жазғы демалыстан келген оқушылар алтын ұяларымен сағына қауышты.

Б.Шомпиев мектептің жаңа ғимаратымен танысып шығып, 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндердің сыныптарына барып, балаларды арнайы құттықтап шықты. 

Биылғы, жаңа оқу жылында 30 күндізгі орта білім беру ұйымында  19400 оқушы оқиды деп күтілуде. Ауданда 2278 педагог қамтылған. 2022-2023 оқу жылына  ата-аналарының өтініштерімен 1875 бала 1 сыныпқа қабылданды.


Әйелдердің қоғамдағы рөлі үлкен
Тілді дамытуға үлес қосқан азаматтар марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу