Әйелдердің қоғамдағы рөлі үлкен

Oinet.kz 31-08-2022 304

Screenshot_16.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүгінде, еліміздің қыз-келіншектері түрлі салада қызмет етіп, табысқа жетуде. Бұл сіздерге тән еңбекқорлық пен іскерліктің айқын көрінісі. Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осыған орай, нақты шаралар қолға алынды. Соның арқасында еліміздегі шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі 43%-дан асты. Жеке кәсіпкерлердің тең жартысынан көбі өздеріңіз сияқты қыз-келіншектер. Іскер аруларымыздың арқасында 1 миллионнан астам азаматымыз тұрақты жұмыспен қамтылып отыр», - дей келе әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, олардың әлеуметтік ахуалын көтеру, құқығын, денсаулығын қорғау керектігі жөнінде тапсырма берген болатын.

Осы ретт бүгін Шардара ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. 

Мәжілісте Шардара АПБ-нiң ЖПҚБ ӘЗЗКТ инспекторы полиция капитаны Г.Сәбден әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау, сотқа дейінгі тергеп - тексерудің және жеке адамға қарсы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың проблемалық мәселелері бойынша баяндама жасап, алдын алу шараларының кешенді жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар аудандық орталық ауруханасы басшысының ана мен бала жөніндегі орынбасары Қ.Көбелекова әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау: ана мен бала өлімінің проблемалары туралы және аудандық жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша атқарған жұмыстары және Отбасын дамыту мен қолдаудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу барысы туралы аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Тұрлыбеков баяндама жасап, өзекті мәселелер талқыланды. 

Комиссия мүшелері тарапынан әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ахуалды жақсарту бойынша тиімді ұсыныстар айтылып, алдағы жоспарлар пысықталды. 

Шаруаларға ісін дөңгелетуге кедергі болмауы тиіс
Шардарада 1875 бала 1 сыныпқа қабылданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу