Қазығұртта ауыл әкімдері сайлануда
Қазығұрт ауданында халқы өз таңдауымен әкімдерін сайлауда. Қазірдің өзінде 2 үміткер тіркеліп, саяси додаға қатысып жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу керектігін айтқан болатын. Сондықтан бұл науқан саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді.
Бұл сайлаудың мемлекет дамуы үшін маңызы зор. Бүгінгі күннің өзінде 2 үміткер тіркеліп, саяси додаға қатысып жатыр. Ауылдық округ әкімі лауазымына жалпы кандидаттар , партиялар тарапынан және өзін-өзі ұсынған азаматтар тіркелген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне де жағдай жасалған. Ол үшін оларға арнайы инватакси қызмет көрсетеді. Тіпті жылжымалы жәшік арқылы таңдау жасауға мүмкіндік қарастырылған.
"Алтынтөбе ауыл округінде жалпы халық саны 4225 сайлаушымыз бар. 5 сайлау учаскесі бар. Онда 27 сайлау ком,жұмыс жасайды. Қазір сайлаушылардың келіп дауыс беруі өте жоғары деңгейде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалған",- дейді Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рамазан Бөбөтов.
Қазірдің өзінде ауылдағы барлық сайлау учаскесіне келушілер қарасы қалың. Олар толассыз келіп, ашық та айқын дауыс беруде. Ауыл тұрғындарының айтуынша, таңдауды өздерінің жасағаны тиімді. Себебі әлеуметтік жағдайы мен ой пікірлерін өздері қадағалай аламыз дейді. Сондықтан дұрыс таңдау жасағандарына сенімді.
"Әкімге сайланып жатқан жастарымыз осы елдің үмітін ақтайды. Осы елге қызмет етеді деген сенімдеміз. Сондықтан біз осы сайлаудың жақсы өткенін және тағайындалған азаматтардың әкім болуына тілестеспіз",- дейді ауыл тұрғыны Балтагүл Мырзахметова.
Ауыл тұрғындары өзін – өзі ұсынған азаматтар алдағы науқанда белсенділік көрсетуі тиіс. Себебі халық сайлағаннан кейін жауапкершілік артатынын айтады. Дауыс беруі нәтижесінде 80,6 пайыздық үлеспен Данабек Әлібаев Алтынтөбе елдімекеніне әкім болып сайланды. Енді тұрғындар таңдаған азаматтарының ауыл тынысы жолынды аянбай тер төгеді деген ниетте.