Бәйдібектік шаруалар қарбыз жинау маусымын аяқтап жатыр
Түркістан облысының Жетісай ауданындағы шаруалар егістік алқаптағы қарбызын толық жинап бітіруге жақын қалса, Бәйдібекте енді ғана пісіп жатыр. Сондай қарбыз егіп, табысқа кенелтіп жүргендердің бірі Есенғали Алтаев.Ол әуеліде Жұбайы Жанармен мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, қауын-қарбыз егуді қолға алған. Бұл дақылға ешқандай химиялық дәрілер қосылмаған, таза табиғи жолмен піскен -дейді. Сондықтан да дәмі тіл үйіретін қарбыз қазір сұраныста екен.
Ерлі-зайыптыларды жаз жетісімен үйден емес, егіс алқабынан ғана табасыз. Күндіз түні бір тынбай, кетпен күрегін сайлап еңбек етіп жүреді. Еңбекқор жанұя былтыр «Бизнес бастау» бағдарламасы арқылы 583 мың теңге грантқа ие болған. Сөйтіп, үш жарым гектарға қауын-қарбыз егіп, одан 150 тонна өнім алды. Ал, биыл қаражатты үнемдеп, егістік көлемін 4 гектарға ұлғайтқан. Бұл жолы тек қауын-қарбыз ғана емес, қасына бақша және мал азығы дақылдарының дәнін де қоса тастапты.
"Сұраныс жақсы. Осы Бәйдібек ауданына, Шаянға өткіземіз. Мына жерде Алғабас елдімекенінде тұрамын өзім, ауылымды қамтамасыз етемін. Жан-жақтан басынан келіп алып кететіндер бар. Қазір шамалы қарбыздың бағасы көтерілді. Келісін 70-80 теңгеден сатып жатырмыз",- дейді Шақпақ елді мекенінің тұрғыны Есенғали Алтаев.
Биылғы өнім былтырғыдан да көп болады деген болжам бар. Үлкен шаруашылыққа диқаншының балдары да көмек береді. Есенғали Алтаев секілді Бәйдібек ауданында «Бастау бизнес» бағдарламасының шарапатын тағы 184 азамат көріп отыр. Оның 80-і қайтарымсыз грантқа ие болған.
"2021-2025 жылдар Кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба шеңберінде биылғы жылы 70 азаматқа мемлекеттік грант беру көзделген. Қазіргі таңда 10 адам грант алды. Грант алушылардың басым көпшілігі сұлулық салоны, құрылыс өнімдерін шығару, тігін шеберханасын ашу, жылыжай, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы бар, осы бағыттармен көбі грант алып жатыр",- дейді Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту орталығы директорның міндетін атқарушы Болат Алшымбаев.
Кәсіптен нәсіп тауып отқандар ауылды жерлерде көп. Бірақ жеңіл жолмен ақша тауып, немесе «жұмыс жоқ» деген бос сөзбен өзін ақтап алғысы келетіндер де жоқ емес. Ондай жандарға бүігінгі кейіпкерердің еңбегі үлгі болары анық.