Сайрамда жеке меншік білім ошақтары көбеюде

Oinet.kz 25-08-2022 393

Screenshot_8.png

«Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025  жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін», деген Мемлекет басшысы мектеп құрылысына мемлекеттік бюджетпен бірге, жеке секторды да тарту керектігін айтқан болатын. Сонымен қатар толық білім беретін ауыл мектептерін оқушы санына қарай қаржыландыруға біртіндеп көшу керек екенін атап өтті.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Сайрам ауданында қазіргі таңда мектеп құрылыстарына жан бітті. Әсіресе Мемлекет басшысы айтқандай жеке сектор есебінен бой көтеріп жатқан білім ошақтары жетерлік.  Салаға жауапты мамандардың айтуынша биылғы оқу жылында ауданда жеке кәсіпкерлер есебінен бірнеше жекеменшік мектептердің құрылыстары аяқталып, пайданысқа берілмек. 

Атап айтқанда, Манкент ауылында және Ақсукент ауылында 1200 орындық  6 жекеменшік  мектеп ашылғалы тұр.  Жалпы 7200 бала оқумен  және 660 мұғалім жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл өз кезегінде  осы елді мекендердегі мектептердің үш ауысымға өту қаупі болмайды. 

Қасымбек датқа ауылынын 300 орындық «Бақдәулет», Қарасу ауылынан 150 орындық «Smart kids» жеке  бастауыш мектептері,   Ақсу ауылында  300 орындық "Aqsu" Education" және  Қарамұрт ауылынан 330 орындық «Тажиниса ана» мектептері балаларды қабылдап, жаңа оқу жылынан бастап оқытатын болады.Осы мектептерде алдағы уақытта білім алатын балалар үшін тасымалдау мәселесі қарастырылған. 

Сондай-ақ жаңа оқу жылының таяп қалуына байланысты мектептердің даярлығын тексеріп шықты. Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 93 білім беру мекемелері және 1 мектеп-интернат жұмыс жасауда. Оның 83-і типтік, 10-і ыңғайластырылған нысандарда орналасқан. 

Аталған мекемелердің жылыту жүйелері көгілдір, сұйық және қатты отындармен жылытылады. Оның ішінде табиғи газбен 37 мекеме, қатты отынмен 36 (көмір) мекеме, сұйық отынмен 3 мекеме (дизель)  жылытылады. Барлық білім мекемелеріне сығымдау жұмыстары жүргізілген. 

Жаңа оқу жылында облыстық салалық басқарма тарапынан 9694,5 тонна қатты отын (көмір) беріліп, қазіргі таңда толығымен мектептерге (көмір) тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Ал, 3 мектепке 125 362,5 литр (дизель) сұйық отынмен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік порталына енгізілген. Атап айтқанда Төлеби,  Жамбыл, Бәйдібек жалпы орта мектептері.  

Ауданға қарасты 4 мектептің ішінде орналасқан қазандықтарды сыртқа шығару жұмыстарын жүргізу үшін қазіргі таңда 58 010,0 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу порталына енгізілген.            

Сонымен қатар, №59 Қ.Жандарбеков, №74, №17 жалпы орта мектептері, Төле би жалпы орта мектептерінде жылыту қазандықтары ауыстырылды.  Одан бөлек, қазіргі таңда Сырым Датұлы, №47, №11 Манкент,  №47 Амангелді жалпы орта мектептерінің қазандықтарын ауыстыру үшін мемлекеттік порталға енгізілді.

«Ауыл - Ел тірегі» онкүндік іс-шаралары басталды
Сайрамда жұмыссыздық мәселесі оңынан шешіліп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу