Жастар мемлекеттік бағдарламаларды тиімді падалануы керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастарға қатысты келесі мәселе – жұмыспен қамту. Бұл, әсіресе, өңірлерде аса өзекті. Біз жұмыссыз жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беруіміз керек. Олардың тұрақты кәсіп табуына көмектесуіміз қажет. Қазір жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Бірақ жастардың көбі сол шаралар туралы білмейді. Мемлекет ұсынып отырған түрлі қолдау жұмыстарынан хабарсыз. Бұл мәселе тек жалаң үгіт-насихатпен шешілмейді. Үкімет пен әкімдер жастарды жұмыспен қамту мәселесімен арнайы айналысып, күнделікті назарда ұстауы қажет», деп жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Осы ретте Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы аудан орталығындағы Жастар сарайында белсенді жастарымен кездесті.
2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бағдарламасы жастарды қолдау бойынша «Жаңа бизнес идеяларын қолдау» «Бастау бизнес жобалары» аясында кәсібін бастап, мемлекеттен грант алған жастардың көрмесін тамашалаған аудан басшысы аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің алдағы жұмыс жоспарымен танысты.
Еркін форматта өткен кездесуде аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау барысында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Жастарға арналған қайтарымсыз гранттар», жас кәсіпкерлерді дамытуға арналған «Жеңілдетілген несие» бағдарламаларын пайдалану арқылы ерінбей еңбек ету керектігіне тоқталды.
Жастар-қоғамның қозғаушы күші. Оны өзге емес уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Соның тағы бір айғағы қандай да тың жобалар мен ілкімді істер болмасын оның бастауында жастардың үлесі басым.
Жастармен болған кездесуде аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы өз ойын осылай деп түйіндеп, белсенділікті бәсеңдетпеу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, жиын кезінде жастардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптарын алды.
Ал жауапты мамандарға әкім "Жастар практикасымен" жұмыс жасап жатқан жастардың ары қарай жұмысқа орналасуына мониторинг жасалуы керектігін тілге тиек етті.