«Ауыл аманаты» жобасы кәсіпкерлерге мол мүмкіндік алаңы
Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округіне қарасты Берген аулының мәдениет Үйінде Аманат партиясының «Ауыл аманаты» жаңа жобасы ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу мақсатында құрылған мобильді топ өкілдерінен құралған мамандандырылған бизнес тренерлері ауданның бірқатар кәсіпкерлеріне семинар өткізілді.
Семинарды аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы ашып: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бағытында "Amanat" партиясы жүзеге асырып келе жатқан "Ауыл аманаты" жобасы аясында өткізіліп жатқан семинар ауданның кәсіпкерлерге мол мүмкіндік болғалы тұрғанын айтты.
Мобильді топтың бизнес тренерлері кездесуге қатысқан кәсіпкерлерге жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиені қалай алуға болады, кооперативты не үшін құру керек, мемлекет техниканы лезингке алуға көмектесе ме деген сұрақтарына толық жауап берді.
«Ауданның кәсіпкерлерді қолдау мақсатында арнайы мобильді топ құрылды. Осыған орай 2023 жылы бастау алатын жоба бойынша ауыл округтердегі барлық кәсіпкерлер өз құжаттарын жинақтап, аудандық кәсіпкерлік бөліміне тапсыру керек. Алдағы осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша әр ауыл округтеріндегі кәсіпкерлермен жүйелі түрде кездесу өткізіліп тұрады»-деді аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы.
Жиыннан соң аудан әкімі іссапармен Қараспан ауыл округіне қарасты Берген, Батырата ауылдарыны барды. Ол Берген ауылының маңындағы Арыс өзенінің арнасын бұру жайымен танысып, шешілу жолдарын қарастыру жөнінде тиісті сала басшысына жүктеді.
Ауыл жастарының игілігіне берілгелі тұрған спорт алаңшасымен танысқан аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы ауылдың жас кәсіпкері Данияр Орынбасаровтың жылыжайын аралап көрді.
К.Омаров, І.Есенберлин жалпы орта мектептерінде өткен ауыл тұрғындарымен кездесуінде аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы бүгінгі күнге дейін өзекті болып келген инфрақұрылым, интернет, қоқыс пен жол бойына сергек құрылғысын орнату бойынша айтылған ұсыныстарына жауап берді. Сонымен қатар алдағы 5 жылдық даму жоспарын әзірлеп, сол бойынша шешілу жолдарын қарастыру мақсатында тиісті сала басшыларымен бірлесіп жұмыстар атқарылатынын жеткізді.