Әкім шаруалармен жүздесті
Бекітілген кестеге сәйкес ауыл аралап жүрген Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Қажымұқан ауыл округіне қарасты Қызыл-сеңгір ауылындағы жаңадан іске қосылған ауыз су жүйесі нысанымен танысты. Аталмыш су нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып, пайдалануға берілген. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындарының 50 пайызы ауызсумен қамтылып отыр. Бұл бойынша аудан басшысы ауыл тұрғындарын 100 пайыз сумен қамтылуы керек- деп тиісті бөлім басшысына тапсырма берді. Сонымен қатар "Бозтаған" каналындағы күрделі жөндеуді қажет ететін көпірдің басына барып, жұмысымен танысты.
Мұнан соң, аудан әкімі "Қызылсеңгір" бастауыш мектебінде ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың сын-пікірлерін тыңдады. Тұрғындармен еркін форматта өткен кездесуде ауыл шаруашылығы, электр жүйесі, газдандыру, ортақ жайылым жөнінде мәселе көтерілді. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер мен ұсыныстардың бірде-біреуі қараусыз қалмайтындығын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Нұрбек Бақтыбайұлы Боралдай ауылындағы "Сансызбай" шаруашылығының төрағасымен кездесіп, сүтті бағыттағы шаруашылығымен танысып, кеңейтуіне мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына барынша ықпал етілетінін жеткізді.
Және де аудан басшысы Қажымұқан ауылындағы "Қармантай" шаруашылығында болды. Мұнда 2 гектар жерге болгар бұрышы және 8 соттық жерге қияр өсіруде. Бүгінгі күнге дейін шаруашылық 2 рет болгар бұрышын жинап үлгерген. Шаруа иесі аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлына алдағы жоспарымен бөлісіп, лимон мен қаражидек (черника) егу үшін 10 гектар жер телімін үйлестіріп беруін сұрады. Аудан басшысы айтылған ұсынысы мен жоспарына қатысты аудандық кәсіпкерлік бөліміне тиісті құжаттары мен бизнес жоспарын өткізу керектігін жеткізді.
Әкім аялдаған келесі нысан Қажымұқан ауыл округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативі болды. 2017 жылдан бері тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келген шаруашылық иесі 1 гектарға анар, 3 га жерге алма, 0,5 гектарға лимон еккен. Қожалықтың іс жүргізушісі Елнұр Сейдазимовтың айтуынша бүгінгі таңда 1000 түп анар, 6000 түп алма өсіріп отыр. Шаруа қожалығы 2019 жылы —5, 2020 жылы — 15, 2021 жылы — 20 тонна өнімін алған. Кооперативте 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Өз кезегінде аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы шаруа қожалығының кәсібіне береке тілеп, алдағы уақытта өнімдері астыққа толсын деп тілектестік білдірді.
Аудан басшысы Көктөбе ауылындағы "Мадияр" шаруашылығының жұмысымен де танысты. Төрт адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылылық иесі су, жарық мәселесі барын және қазіргі кәсібін дамыту мақсатында көмек беруін сұрады. Бұл бойынша аудан басшысы мемлекет тарапынан берілетін шағын несие алуына көмек берілетінін айтты.
Сапары барысында Нұрбек Бақтыбайұлы Қажымұқан ауыл округіне қарасты Амангелді ауылындағы "Қайнар" емдеу сауықтыру шипажайының да тыныс-тіршілігімен танысты. 30 кабина, 2 жалпы бөлім, асхана, массаж, 70 жатын орны бар шипажай бір мезетте 100-150 адамды қабылдайды.
Мұнан соң, аудан әкімі Нұрбек Бадырақов аталмыш ауылдағы З.Додай көшесіндегі жасалынып жатқан аяқ жол жұмысымен танысты. Жалпы аяқ жол ұзындығы 2140 м, ені 1.5 м құрайтын жолға қосымша 15 жарық шамдар орнатылатын болады. Құрылыс жұмысын Мердігер компания "Ерасыл-Құрылыс 13" ЖШС-і жүргізуде. Жұмыс нәтижесі тамыз айында аяқталып, тұрғындар игілігіне беруді жоспарлауда.
Аудан басшысының іс-саппары Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде тұрғындармен кездесумен жалғасты. Ауыл тұрғындары жол, ұялы байланыс желісін орнату, полигон (қоқыс тастау орны) мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Бұл ретте аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы бұл жөнінде тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, алдаға уақытта жұмыстар кезең- кезеңімен аяқталатын жеткізді.