Өзекті мәселелер ортаға салынды

Oinet.kz 24-08-2022 262

Screenshot_6.png

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Презиенттің "Әкімдерің халықпен кездесуі туралы" Жарлығына сәйкес Боралдай ауылындағы  Н.Оразбаев жалпы орта мектебінде тұрғындармен кездесу өткізді. 

«Біз ауданымызға қарасты барлық ауылдарды аралау барысында шешімін таппаған күрделі мәселелерді арнайы хаттамаға түсіріп, ауданның алдағы 5 жылдық даму жоспарын әзірлеп, жол картасына енгіземіз. Сол арқылы жоспарлы түрде инфрақұрылым, коммуникация, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, мәдениет, спорт саласы бойынша  талданып, сараланған мәселелерді кезең-кезеңімен республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен жүзеге асыратын боламыз. Тіпті, шешімі кезек күттірмейтін мәселелерді инвесторлар, демеушілер есебінен жүргізуге күш саламыз», деді аудан әкімі Нұрбек Бадырақов. 

Кездесуде тұрғындар тарапынан газ,  жол, жарық, ауыз су сынды бірнеше өзекті мәселе ортаға салынды.  Сонымен қатар, мектепке барар жолға тас төселсе деген өтінішін жеткізді. 

Аудан әкімі сонымен қатар Ынталы  ауылындағы тұрғындармен кездесті. Қажымұқан ауыл округіне қарасты Ынталы ауылындағы Қ.Бектаев жалпы орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездескен аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы жиналған бұқараның көптен бірі шешімі табылмай келген  мәселелерін тыңдады. Ол: жайылым жер, аяқжол, интернет желісі, жаңа салынған асфальт жұмыстары бойынша айтты. Мұнан соң, аудан орталығы Темірландағы Жастар орталығында тұрғындармен кездесіп,  ұсыныстарын тыңдады. 

"Черемушки" мөлтек ауданында газ, канализация, шатыр ауыстыру мәселесімен қатар, ауылды көгалдандыру, жарық, су мәселелерін көтерді. Талап-тілектері бойынша Нұрбек Бақтыбайұлы бұл шаруалардың оң шешілуі үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Мұнан соң  Нұрбек Бадырақов орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы-қазақ алыбы Қажымұқан бабамыздың ауылының тұрғындарымен кездесті.  Қажымұқан ауылының тұрғындары С. Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебінде жиналып, аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлына  ұсыныс-пікірлерін жеткізді.  Өз кезегінде ауылдың бүгінгі күні өзекті деген тақырыптарына тоқталған тұрғындар ой-пікірлерін бүкпесіз айтып өтті. 

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов ауыл тұрғындарының әрбір ұсыныстарын тыңдап, олардың шешілу жолдарын қарастыру мақсатында бүгіннен бастап жүйелі жұмыс жасалынатынын сөзге тиек етті.  Кездесу соңында С. Ысмайлов атындағы жалпы орта  мектебінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. 

Халықтың талап-тілегі ескеріліп жүр
Әкім шаруалармен жүздесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу