«Өмірдің бір қызығы бала деген» байқауы өтті

Oinet.kz 24-08-2022 312

Screenshot_31.png

Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Ел Президенті «Балалар мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық кезеңі біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап көрсетті.

Осы ретте  Отырар  әдебиеті және өнері» қоғамдық  бірлестігінің ұйымдастыруымен, Отырар аудандық  мәдениет, тілдерді  дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен «Өмірдің бір қызығы бала деген» атты  аудандық  жазбаша ақындар айтысы өтті. Әр жастағы қатысушы ақындардың балаларға деген ой-толғамын, көзқарасын айқындай отырып, ақын шығармашылығын дәріптеу, оларға қолдау білдіріп, насихаттау сонымен қатар бүкіл мәдениеттің дамуына қуатты серпін беру мақсатында өткізілді.

 Қазылар алқасының құрамында елімізге белгілі ҚР Мәдениет қайраткерлері мен үздіктері және елге танымал ақындар қазылық етті. Қыдыр Сағындықұлы – Отырар әдебиеті және өнер бірлеcтігінің төрағасы, қазылар алқасының төрағасы. Құттыбай Сағынтай Тәтібайұлы -қазылар алқасының мүшесі, Нәлібаева Жүмакүл Жайсанбайқызы -  ардагер ұстаз, айтыскер ақын  қазылар алқасы қазылық етті. 

Атаулы іс шараны аудан әкімі С.Сұлтанханов  қатысып,  сахна шымылдығын ашып берді.Байқау нәтижесі бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, I  орын Полатбаев Дәурен Темірханұлы,  Ақсақалов  Дәурен,II орын  Мұратова Раушан Оразбаевна, Жүсіпәлиева Гаухар Бауыржанқызы III орын  Сәрсеков Ғалымжан Рысқұлұлы, Сапарбаев Асқар, Номинация бойынша Тәушен Әбуова  атындағы  арнайы  сыйлықпен  -Әбді Жұмахан БегманұлыӘселхан Қалыбекова  атындағы арнайы  сыйлықпен -  Алтынай  Қасымбек Пердебекқызы марапатталды.

 Айтысқа қатысқан өзге де ақындарға ынталандыру сыйлықтары марапатталды.Кеш соңы  Отырарлық ақын  сазгерлердің  шығармашылығынан ұйымдастырылған концертке ұласты.

Мақтааралда мақтанарлық іс көп
Жастардың діни сауаттылығын арттыру маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу