Мақтааралда мақтанарлық іс көп

Oinet.kz 27-08-2022 352

Screenshot_30.png

Президентіміз айтқан "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов тоқсан сайын ауыл аралап халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып тұрады. Азаматтарды жеке қабылдауы тағы бар. 

Ғасырға жуық тарихы бар Мақтаарал ауданы қайта түлеп келеді. Төрт жылда аудандағы инфрақұрылым ретке келтіріліп, көнерген ғираматтар қайта жөндеуден өтті. Газдандыру бойынша да халық санымен 50 пайыздан асып отыр. 600 ден астам көшенің 70 пайызы ретке келтірілді. Ішкі орам жолдарға асфальт төселіп, аяқ жолдар салынды.Көшелерге жарықшамдар орнатылып, саябақтар ретке келтірілді. Мәдениет пен спорт нысандары жөнделді.Шалғайда жатқан ауданға қарасты 69 елді мекендегі күрмеуі қиын мәселелер осылайша біртіндеп шешімін тауып келеді.

Өткен жылы ауданда 15 әлеуемттік нысан салынған. Биыл тағы 9-ының құрылысы жүріп жатыр. Ол жерлерде көбіне ауыл халқы жұмыс істейді. Ендігі масқат сол жұмысқа ауыл жастарын тарту. Қажет болса қысқа мерзімде қайта оқыту жағын қарастырып жатыр. Ол үшін мемлекеттік еңбек бағдарламасы бар.Оған қоса шетте жүрген білкті жастарды ауылға әкелу жағы күн тәртібінде.Осы мақсатта аудан әкімі әрдайым жастармен кездесіп, мәселелерін тыңдап тұрады. Қандай қиындық болса бірлесіп шешу жағын қарастырады. Өйткені аудандағы индустриалды аймақта екі мақта зауыты, темір бетон зауыт мен құс фабрикасы жұмыс істейді. Күн сәулесінен қуат алатын станса тағы бар. 

Ауданда бес бірдей этнос орталығы жұмыс істейді. Олардың барлығы елдегі ынтымақ пен бірлікті сақтауда бірлесіп еңбек етеді.Аудан әкімі қандай мәселе болса да ақсақалдармен ақылдасып отырады.Соның арқасында ел арасындағы бірлікке селкеу түскен емес. Әлеуметтік осал топ өкілдерін де жұмыс көзін тауып беру жағы қаралған. «Парасат» тікір талас клубының төрт рет отырысын өткізіпті.Халық өз ұсыныс-пікірлерін айтып, ойларын ашық ортаға салады. 

Ендігі мәселе аралда қалған өңір үшін көліктік-логистика жүйесін жақсарту.Марқатааралға баратын жолды кеңейту күн тәртібінде тұр. Президент айтқан теміржол салынса барыс-келіс жақсарары анық. Шойын жол тартылса тауар тасымалы жеңілдеп, өзіндік құн арзандайды. Оған қоса халықаралық м-39 бойындағы шекаралық өткізу бекетін бетонка бойына ауыстыу көзделген.Бұның барлығы түпткеп келгенде мырзашөл өңірінің одан әрі қарыштап дамуына үлкен мүмкіндік болмақ.


Шардаралықтар таза су тұтынатын күн алыс емес
«Өмірдің бір қызығы бала деген» байқауы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу