60 азамат бизнес жобаларын қорғады

Oinet.kz 27-08-2022 367

Screenshot_28.png

Мақтараарал ауданындажаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған 400 АЕК есебіндегі қайраымсыз грант қаражатын алу үшін һтініш білдірген азаматтар бизнес жобаларын қорғап шықты. Ауданнан арнайы құрылған комиссия мүшелерінің отырысында әрбір жобаға мән берілді. 

Жалпы аудан аумағында кәсіп ашуға арналған оқу курсынан  өтуге 500-ге жуық азамат өтініш білдірген.  Мемлекеттен берілетін  қайтарымсыз грантқа   құжатты тапсырудың екінші легінде 60 азамат үміткер болып, бүгін олар комиссия отырысында өз жобаларын қорғады. Кәсібін ашып, шаруасын  дөңгелетемін дегендердің ішінде жастар көп.

Негізгі мақсат бизнес бастамаларға қолдау көрсету. Ұтымды бизнес жобаларды іріктеп алу үшін құрылған комиссия  құрамында жеті мүше бар. Олар  жобалардың  жаңа технологияларды енгізуіне негізделуіне және ауданның  әлеуметтік-экономикасын дамытуға бағытталуына баса мән береміз дейді.  

Кәсіп ашуға ниеттілер өз жобаларын екі күн қорғады. Комиссия мүшелері жобаларды қарап іріктелген үміткерлерге үш күн ішінде нәтижесін жолдайтын болады. Оң қорытынды алған азаматтармен екі жақты келісімшарт жасалып, бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін қаржыландыру жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда сала мамандары мемлекеттен қолдау алғандаға қайтарымсыз қаржының есебі сұрлатынын ескертеді.

Бизнесті қолдауға арналған жобаның екінші легінде 30 адамға қаржы беру жоспарлануда. Жалпы Мақтаарал ауданында жыл соңына дейін  214 азаматқа қайтарымсыз грант берілмек. . Қаржыландыру жұмыстары 5лек бойынша жүргізіледі.

Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2026 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, еңбек ресурстарын қайта даярлау, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылдық елді мекендерде шағын кредит беруді кеңейту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру сияқты бірқатар міндеттерді қамтиды. 

Экобазарда азық-түлік арзан
Шардаралықтар таза су тұтынатын күн алыс емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу