Балтакөлдіктер әкімге ұсыныстары мен шағымдарын жеткізді

Oinet.kz 07-07-2022 394

Screenshot_6.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жыл көлемінде барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты түрде өткізілетін болады. 

Осы орайда Отырар ауданды Балтакөл ауылында өткен кездесуден соң аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов түс ауа Маяқұм ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. 

Айта кету керек бұған дейінгі кездесуде жиі көтерілген мәселенің бірі ауыл округіндегі жатын төсек орны бар аурухана жайын қайта ашу болатын.  Аталған мәселеге орай ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №882 бұйрығына сәйкес халқының саны 5000 адам болған жағдайда шалғай ауылдық елді-мекендерде аудандық аурухана бөлімшелері құрылады делінген. Алайда, Маяқұм ауыл округіндегі халық саны 3090 адамды құрайды. Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес түнгі сағат 24.00-ге дейін кезекшілік ұйымдастырылып, «Маяқұм» бөлімшесі 10 стационар алмастыратын төсек орнымен қайта бейінделіп, ауыл тұрғындарына медициналық көмектер көрсетілуде. 

Мұнан бөлек Маяқұм елді мекеніндегі Т.Бойтанов көшесінің 1,8 шақырымына шілде айында асфальт жол төселіп, пайдалануға берілсе, осы жылы Қостерек елді мекеніне спорт алаңшасы салынбақ. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізілуде. Сондай-ақ, Маяқұм ауыл округі бойынша Бестам елді мекенінің ауыз су мәселесі өзекті болып табылады. Қазіргі таңда Бестам елді мекеніне жобалық сметалық құжаттама  дайындалып, сараптама қорытындылары алынған. 2023 жылы жүзеге асыру жоспарлануда. 

Маяқұм ауыл округі бойынша ағымдағы жылы 3289,5 га егіс егу жоспарланып, 100 пайызға орындалған. Атап айтқанда: дәндік жүгері-1000 га, мал азығы-1245 га, бақша-862 га, көкөніс-90,5 га, күнбағыс-27 га, картоп-41 га. Осы жылы «Аштрахан» каналының 3 шақырым бөлігі механикалық тазалаудан өткізілген.

Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді. Сондай-ақ аудан әкімі кездесуден соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Аудан басшысы темірліктермен кездесті
Жүйелі жұмыс жалғасын табады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу