13 отбасы солтүстікке көшуге ниет білдіріп отыр

Oinet.kz 14-06-2022 307

Screenshot_3.jpg

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының Оңтүстіктен Солтүстікке еңбек күшінің ұтқырлығын арттыру, бағдарламаның мақсатын кеңінен насихаттау бойынша   Абай облысы, Бородулиха ауданынан келген арнайы делегаттар Сайрам ауданына қарасты Манкент  ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. 

Кездесуге Бородулиха аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінң басшысы Альмира Байболова, «Халықты жұмыспен қамту орталығының» маманы Хусайнова Еркежан, Бородулиха ауданы Степной ауылдық округінің әкімі Жунисов Әділбек қатысып,  қоныс аударуға ниет білдірген жерлестерімізге баспана, жұмыс орындары, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралытолыққанды түсіндірді. 

Сондай-ақ кездесуге  «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Әбдрахманұлы мен Манкент ауылдық округінің әкімі Сайтмуратов Абдиғани және жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. 

Биыл еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлерге қоныс аударушылар үшін 6587 отбасыға квота бөліп отыр. Былтыр Сайрам ауданынан 42 отбасы құрамында 141 адам көшсе, биыл 13 отбасы көшуге ниет білдіріп отыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштер артады деп күтілуде. 

Өздеріңізге белгілі  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Оңтүстікте 7 жыл бұрын қолға алынған-ды. Көзделген мақсат – жұмыс күші тапшы аймақтарға халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті азаматтарды тарту болатын. 2020 жылдың маусым айына дейінгі әлеуметтік келісімшарт бойынша қоныс аударушылар өңірде 1 жыл болуы тиіс еді. Бүгінде бұл мерзім 5 жылға дейін ұзартылған. 

Оған қоса  қазіргі таңда   Dauletten қайырымдылық қорының жұмысы аясында «Бала-шағамен солтүстікке» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 1300 адам оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшуге өтініш білдірген. Негізінен Түркістан облысының, сондай-ақ Маңғыстау облысының тұрғындары жүгінуде.

Сонымен бірге қазіргі таңда Үкімет тарапынан қоныс аударушыларды қолдау бойынша тағы бір әлеуметтік шара – солтүстікке көшуге ниет білдіргендер үшін атаулы әлеуметтік көмек  мөлшерін ұлғайту қарастырылуда.

Бүгінгі кездесу барысында Абай облысы Бородулиха ауданынан келген делегаттар Манкент ауылының тұрғындарына бос жұмыс орындарын ұсынып, арнайы жеңілдіктерді түсіндіріп өтті. 

1. Қоныс аударушыларға көшуге материалдық көмек:

- әрбір отбасы мүшелеріне 214 410 теңге (70 АЕК). 

2. Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге субсидия қалалық жерлерге:

- 1 адам үшін 61 260 теңге (20 АЕК);

- адам саны 2-4 дейін 76 575 теңге (25 АЕК);

- адам саны 5 және одан көп 91 890 теңге (30 АЕК) төленеді;

ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

- 1 адам үшін 45 945 теңге (15 АЕК);

- адам саны 2-4 дейін 55 134 теңге (18 АЕК);

- адам саны 5 және одан көп 64 323 теңге (21 АЕК) төленеді.

3. Ауылдық жерлерде жаңа тұрғын үй салу (100 кв.м) шығыстарын 50%- ға дейін субсидиялау.

4. Бау-бақша өсіруге 1 га және жеке ауласын ұстау мақсатында жайылымдық алқаптар 5 жылдан аспайтын мерзімге уақытша өтеусіз беріледі.

Жол картасындағы жоспарлар жүзеге асырылуда
Жол картасы аясында мектептер күрделі жөндеуден өткізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу