Жол картасы аясында мектептер күрделі жөндеуден өткізілуде
«АМАNАТ» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөнінде 2021-2025 жылдарға 7 бағытты, 127 іс шараны қамтитын Жол картасы әзірленген.
Жол картада 2022 жылы 94 іс-шараны орындау жоспарланған. 2022 жылғы 5 айдың қорытындысымен оның 18-і орындалды, 70-і орындалу үстінде.
Бүгін «АMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқраушы хатшысы Алмас Әбдрахманұлы жол картасындағы шаралардың жүзеге асырылуына бақылау жүргізіп, Көлкент ауылындағы А.Навой және М.Қашқари жалпы орта мектептерінің құрлыс жұмыстарымен танысты.
А.Навои атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына 175768,0 мың теңге қаралып, «Нурпромсервис» ЖШС-і тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жөндеу жұмыстары 2023 жылға өтпелі.
Ал, №26 М.Қашқари атындағы ЖОМ күрделі жөндеу Жұмыстарына 110824,0 мың. теңге қаралған. Мердігер мекеме -«Нурпромсервис» ЖШС-ы. Нысан 2023 жылға өтпелі.
Жол картасының Жалпы әлеуметтік бағдарланған аудан бағытында жоспарланған 27 іс-шараның 7–і орындалған, 19-ы орындалу үстінде. Сонымен қатар Сайрам ауданы бойынша жеке инвесторлар есебінен 4 жекеменшік мектептердің құрлыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, мемлекеттік бюджет есебінен 2 мектептің құрлыс жұмыстарына конкурс ойнатылуда.