Жол картасындағы жоспарлар жүзеге асырылуда
«АМАNАТ» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөнінде 2021-2025 жылдарға 7 бағытты, 127 іс шараны қамтитын Жол картасы әзірленген.
Жол картада 2022 жылы 94 іс-шараны орындау жоспарланған
Сайрам ауданы бойынша инфрақұрылым желілерімен қамту бастамасында 2021 жылдан биылға өтпелі 10 нысан құрылысына және 2 жаңа құрылыс нысанына 521,8 млн. теңге қаралған. Құрылыс өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нәтижесінде, 10 нысан құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылған жағдайда 218,13 га жер телімінде орналасқан 1921 тұрғын үйлер ауыз су, электр желілерімен және автомобиль жолдарымен қамтамасыз етіледі.
Оған қоса жол картасындағы жоспарларды орындау мақсатында , бүгінгі таңда аудан бюджетінен Манкент елдімекені А.Әбдіқадиров көшесіндегі жаңа құрылыс аумағына газ және электр жүйесін тарту үшін 71 млн теңге қаржы бөлінген-ді.
Аталған аумаққа инфрақұрылым жүйелері тартылды. Сонымен қатар 4 дана трансформатор орнатылып, пайдалануға берілді.
Ендігі кезекте жол құрылысы, аяқжолдар салу, су науаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, #Манкент ауылының Жалал ата, Фурқат көшелерінде әлеуметтік нысандар тұсына жол қозғалысын реттеуге арналған белгілер орнатылды.