Арыс ауылдық округінің тұрғындары әкіммен кездесуде өзекті мәселелерді көтерді

Oinet.kz 14-06-2022 348

Screenshot_7.jpg

Әкім бол, халқыңа жақын бол. Енді бұл тәмсіл Президенттің жарлығымен бекіп отыр. Мемлекет басшысы бұдан былай әр деңгейдегі әкім-қаралар халықпен тұрақты түрде кездесу өткізуі керек деп міндеттеді. Ал оның нақты күнтізбесін жыл басында үкіметке баяндап отыруы тиіс.

Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша ел тұрғындарының жартысына жуығы әкімдермен тығыз байланыста емес. Демек, басқару жүйесін жаңа форматқа көшіру уақыт талабы. Бұған жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы коммуникацияның әлсіздігі де себеп. Сарапшылар бұл олқылықтың орнын Президенттің жаңа Жарлығы толтырады деген сенімде.

Осы орайда бүгін Түлкібас ауданының әкімі екінші тоқсандағы халықпен жоспарланған есептік кездесуін Арыс ауылдық округінде түйіндеді.

Үш мыңнан астам халқы бар ауылдық округте өзекті мәселенің бірі мал жайылымының аздығы. Бұл мәселені шешу мақсатында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес тиісті бөлім тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ өткен жылы ортақ меншікке 1113,0 га жер телімі табысталса, биылғы жылы қосымша 1200 га жер телімін ортақ жайылымға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек 2500 га астам жер телімі иелерімен меморандумға отыру арқылы ортақ меншікке пайдалануға беру көзделіп отыр.

Есептік жиында тұрғындар тарапынан ағын су мен ауыз су, фельдшерлік-акушерлік пункт соғу, жер құжаттарын рәсімдеу және жол мәселесі көтерілді. 

Аудан басшысы әр мәселеге жеке-жеке тоқталып, Заң аясында шешу жолдарымен бөлісті. Ауыз су мәселесін реттеу мақсатында жауапты мекеме басшысына қосымша су мұнарасын орнатуды тапсырып, көтерілген мәселелер шешілгенше бақылауда тұратындығын атап өтті.

Тұрғындардың өтініші мен ұсынысы негізінде атқарылған және атқарылатын жұмыстарға келер болсақ⤵️⤵️⤵️

Өткен жылы Керейт ауылы Пернебекұлы мен Еркінбек көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, Ж.Әсілбекұлы көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу және абаттандыру  жұмыстары іске асқан.

Ағымдағы жылы Мақталы ауылы Жамбыл мен Мұратбаев көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу Керейт ауылы, Ж.Әсілбекұлы көшесіне лоток орнату жұмыстары іске аспақ.

Халық тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы қаралды
Ленгірде шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу