Ленгірде шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері талқыланды

Oinet.kz 09-06-2022 320

Screenshot_13.jpg

Биыл Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жерлердегі, аудандық деңгейдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне тоқталған болатын.

Аудан әкімдеріне нақты меже қойылсын. Оларға жыл сайын әрбір 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жұмыс орнын ашуды міндеттеген жөн. Біз енді жұмыс тәсілін өзгертеміз. Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек. Керісінше әкім инвестор тартуға ұмтылуы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда өңірлерде кәсіпкерлік саласына көңіл бөлу қарқына артып келеді. Бүгін Төлеби ауданындағы Ленгір қаласындағы Кәсіпкерлік мектебі ғиратында  кәсіпкерлермен кездесу өтті. Жиынға Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбахыт Иманқұлов, «Тurkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ директоры Сапарәлі Құрбанов, Төлеби ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев, ауданның бірқатар кәсіпкерлері және сала мамандары қатысты. 

Кездесу барысында шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар, кәсіпкерлікеке көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар мен жеңілдіктер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламары туралы айтылды. 

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбахыт Иманқұлов өз сөзінде облыс басшылығы тарапынан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін жүйелі шаралар жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Кездесу соңында кәсіпкерлер көкейінде жүрген сұрақтарынын қойып, ұсыныстарын жеткізді. 

Арыс ауылдық округінің тұрғындары әкіммен кездесуде өзекті мәселелерді көтерді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу