Халық тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы қаралды

Oinet.kz 20-06-2022 340

Screenshot_6.jpg

Өткен аптада аудан әкімі Нұрлан Байғұт ағымдағы жылдың маусым айындағы бекітілген халық алдындағы есептік кездесулерін аяқтады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойды. Онда "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" делінген.

Осы орайда жалпы жыл басынан бергі есептік кездесулерде тұрғындар тарапынан 105 өтініштер мен ұсыныс-пікірлер түскен. Соның 32-і маусым айындағы есептік кезеңге тиесілі. Бұдан бөлек 82 азамат жекелеген мәселесімен аудан басшысының қабылдауында болған.

Бұл жайында бүгін аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлының төрағалығымен өткен аппараттық жиында орынбасарлары М.Жанесен мен Е.Орманов мәлімдеді.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасарлары әр көтерілген мәселеге талдама жасап, орындалу жолдарымен бөлісті.

Бұдан бөлек аппараттық жиында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің 5 ай қорытындысымен орындалу барысы және кәсіпкерлік саласын дамыту мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар легі қаралды.

Мәжілісті қорытындылаған аудан басшысы халықпен кездесу барысындағы түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлерді егжей-текжейлі зерделеу мақсатында жауапты мамандармен қосымша жиын өткізуді тапсырып, бес ай қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді төмен орындаған басшыларға ескерту жасады. Жарты жылдықтың қорытындысымен барлық индикаторлық көрсеткіштерді жоспарға сай орындау бойынша тиісті бөлімдерге тапсырма жүктеді.

Халық тұтынатын бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жауапты орынбасары мен бөлім басшысына сауда қатарларын әр сенбі-жексенбі сайын аралап тұруды ескертіп, бағаны бекітілген шекті мәнінен асырмау бойынша облыстық тиісті басқармамен бірігіп жұмыстар атқаруды тапсырды.

Сондай-ақ жиын барысында Нұрлан Мархабатұлы әскерге шақыру мәселесіне тоқталып, жоспарды төмен орындаған ауыл әкімдеріне жұмысты жандандыру бойынша біршама тапсырмалар жүктеді.

Нұрлан Байғұт Майлыкент ауыл округінің тұрғындарымен кездесті
Арыс ауылдық округінің тұрғындары әкіммен кездесуде өзекті мәселелерді көтерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу