Кәсіптің көзін тапқан әйел

Oinet.kz 12-11-2021 657

Screenshot_6.png

Бүгінде үшінші мегаполисте кез келген кәсіп түрін дөңгелетуге мүмкіндік мол. Тек, қолыңнан іс келетінін дәлелдесең болғаны. Ал бизнесті одан әрі дамытамын дегендер үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған. 

Шымшаһарда кәсіпкерлікте табысқа жеткен әйелдер аз емес. Бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен өз кәсібін дөңгелетіп жүрген нәзік жанның бірі – Динара Исабекқызы. Кәсіптің көзін тауып, жұмысының жемісін татып отырған іскер әйелдің меншігінде бүгінде қос дүкені бар. Оның бірінде балаларға арналған киім-кешектер саудаланса, екіншісінде әйелдерге қажетті дүниенің сан алуан түрі бар. Кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында тауар айналымын арттырыпты.

– Осыдан төрт жыл бұрын кішкене бутик ашып, сауда саласына келдім. Бизнесті енді бастаған адамға қомақты қаражат керек болады. Бәрі бірдей көп ақшамен кәсіп аша бермейді ғой. Банктен несие алып көреміз. Бірақ, екінші дәрежелі банктерде пайыздық мөлшерлемесі жоғары. Бұл сауда-саттықта түскен пайдаңды ақтамайды. Үстемеақысына кететін қаражаттан артылмайды. Мемлекеттік қолдауларды үнемі қарастырып жүреміз. Өткен жылы іскер әйелдерге 1 пайыздық несие береді дегенді естіп, жоба аясында өз өтінімімді қалдырдым. Құжат рәсімдеп үш ай ішінде 10 миллион теңге көлемінде несие алдым. Мемлекеттің көпбалалы аналарға жасап жатқан мүмкіндіктерін барынша пайдалану керек. Ата-аналар балаларын жас кезінен еңбекке үйретсе деймін. Бала кезінен ақша табуға үйренсе, кейін өзін-өзі қамти бастайды. Айналаға басқа көзқараста болады. «Жұмыс жоқ» деп жатып алмай, өз кәсібін ашып, тіпті, жүздеген халықты жұмыспен қамтамасыз ететін жағдайға жетеді, - дейді Динара Мирбаева.


Әмбебап кәсіпорын
«Жас келсе іске»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу