Шаңырақтағы жаңа емхана желтоқсанда ашылады
Шаңырақ елді мекенінде жеке инвестор есебінен бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын жаңа емхана құрылысы желтоқсанда аяқталмақ. Бұл «Shymkent ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен жүзеге асып отырған тағы бір инвест жоба.
Шаңырақ елді мекеніне жақын орналасқан бірнеше елдімекенде емхана мәселесі осы күнге дейін күрделі болып келген еді.
Шағын аудандағы бір емханаға осы уақытқа дейін 20-25 мың адамнан тіркеледі. Осы жүктемені азайтудың бір жолы – жаңа емдеу мекемелерін ашу. Аталмыш мәселені оңтайлы шешу мақсатында емхана құрылысына атсалысуға инвестор тартылған болатын.
Жаңа емханада шағынаудан тұрғындары тегін медициналық көмек бағдарламасы аясында ем қабылдай алады. Сонымен бірге емдеу мекемесіне 20 мыңдай адамды тіркеу жоспарда тұр.
«ДАРИЯ МЕДИКУС» емханасы соңғы үлгідегі заманауи медициналық құралдармен жабдықталмақ. Мұнда ем-дом шараларын жүргізуге цифрлық медицина әдістері де қолданылмақ.
Айта кетейік, Инвест жоба дегеніміз - жеке инвестор қаржысымен салынатын жоба болып табылады. Инвестордың жеке ақшасынан салынғандықтан, ғимарат сапасы үшін инвестор жауапты болып табылады.