Әлеуметтік қызметтер цифрлануда

Oinet.kz 02-11-2021 882

Screenshot_4.png

Елімізде әлеуметтік қызметтер цифрлы форматта қызмет көрсетуге көшуде. Шымкенттегі «Ten qogam» әлеуметтік кеңес беру орталығы арқылы ерекше қорғалған азаматтар үйден шықпай-ақ электрондық қолтаңбамен http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Портал арқылы таңдалған тауар азаматтың үйіне жеткізіледі немесе қоймадан өзі алып кете алады.Бұл туралы  бүгін Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді.

 Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте жауапты басшы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бағытында әлеуметтік қорғау саясатының жүзеге асырылуы мен халықты жұмыспен қамту бағыттарының ағымдағы жылдың 9 айлық көрсеткіші туралы баяндады.

«Ten qogam» әлеуметтік кеңес беру орталығы биылғы жылдың 1 шілдесінде ашылды.  – Бүгінгі күнге дейін 4224 мүмкіндігі шектеулі азаматқа түрлі қызметтер көрсетілді. Атап айтқанда, санаторий-курорттық емделуге жолдама алуға өтінім бергендер саны - 2099, жолдама алғандар  - 1783, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданған - 1, психологтың көмегіне жүгінгендер саны - 20, міндетті гигиеналық құралдар алғандар саны -225 құрап отыр, - деп атап өтті Балмаржан Нарбекова. 

Орталықта азаматтарға құқықтық кеңестер, азаматтардың сұранысы мен мүмкіндігіне қарай жұмыспен қамту шаралары, тұрғын үймен қамту мәселелеріне қатысты кеңестер беріледі. Сонымен қатар, аталған орталықта мамандардың көмегімен aleumet.egov.kz порталы арқылы өздеріне тиесілі түрлі әлеуметтік қызметтерга тапсырыс бере алады.  


Жаңғырған «Қыз Жібек»
Рысқұлов көшесі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу