Кеңесте атқарылар жұмыстар сараланды

Oinet.kz 22-10-2021 869

23.jpg 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Қоғамдық келісім және Аналар кеңестерінің бірлескен отырысы өткізілді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповтың төрағалық етуімен өткен отырысқа Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ-сі басшысының орынбасары Е.Өтегенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев, "Қоғамдық келісім" КММ-сі Сарыағаш аудандық филиалының басшысы С.Кибраев, аудандық және ауыл округтеріндегі Қоғамдық келісім және Аналар кеңестерінің мүшелері қатысты. 

Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев пен Аналар кеңесінің төрайымының орынбасары А.Арапова жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жиын барысында аудандық Қоғамдық келісім және Аналар кеңестері тарапынан жыл соңына дейін атқарылуы тиіс жоспарланған жұмыстарды жүргізу тағы бір сараланып, талқыға салынды. Жиынға қатысушылар аудандағы этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімді қалыптастыру жұмыстардың нәтижесін арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтып, пікірлер білдірді.

Айта кетері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері – маңызды мәселелерді талқылаудың, сыңдарлы шешімдер қабылдаудың әмбебап диалог алаңы болып табылады. Азаматтық қоғам институттары мен билік органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ете отырып, кеңестер мемлекеттік органдардың осы салада әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі іс-шаралардың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ халықтың проблемаларына мониторинг жүргізеді. 


Сарыағашта ауыз су қондырғылары жаңартылды
Сарыағаш бірінші орын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу