Басқарудың жаңа нысандары түсіндірілуде

Oinet.kz 10-10-2021 381

Screenshot_7.png

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мүлік иелерінің бірлестіктерін немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформаның жол картасы бекітілген.

Қазіргі таңда Шымкенттегі 4 ауданда көп қабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құру жоспарына сәйкес тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Төрт аудан әкімдігінің жауапты мамандары аудан тұрғындарымен кездесіп, жаңа реформаның артықшылықтарын түсіндіруде. Осы бағытта бүгінгі таңға дейін әр ауданда тұрғындармен 500-ге жуық жиналыс ұйымдастырылған. Кездесулерде көп қабатты үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшудің тиімділігі сөз болады.

Атап айтқанда Абай ауданында кешегі аптада 39 жиналыс ұйымдастырылып, жалпы саны 357 үй тұрғындарының келісімі алынды. 58 үйде мүлік иелерінің бірлестігі, 230 үйде жай серіктестік тіркелді. Әл-Фараби ауданында 52 үй – мүлік иелерінің бірлестігі, ал 149 үй жай серіктестік нысаны ретінде тіркеуден өткен. Бұған қоса 22 үй тұрғындарына хаттамалар келісуге берілді.

Еңбекші ауданында кешегі аптада өткен 16 кездесуде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 6 үйде мүлік иелерінің бірлестігі, ал 202 үйде жай серіктестік құрылған. Ал Қаратау ауданында 72 кездесу, 15 онлайн жиналыс ұйымдастырылып, 9 мүлік иелерінің бірлестігі, 225 жай серіктестік құрылған. Тұрғын үйге кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.


Сапалы электрмен қамтылған елдімекендер саны арта түседі
Жастар саясаты жүйелі орындалуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу