Суармалы жер көлемі артады

Oinet.kz 10-10-2021 504

Screenshot_43.png

Ауылшаруашылығы саласы үшін су аса маңызды фактор. Себебісу бар жерде сапалы өнім бар. Осы ретте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауыл шаруашылығы мақсатындағы үш каналдың күрделі жөндеу жұмысымен танысты.  Каналдардың жөндеу жұмысын қадағалаған қала басшысы мердігерлерге жұмыстың сапасына және бетондаудың технологиялық талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге нысан құрылысын мерзімінде аяқтауда жұмыс күшін арттыруды тапсырды. 

Каналдар қалаға су жеткізудің негізгі артериялары болып табылады.  Оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды. Күрделі жөндеу жұмыстарың жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайды.  Жөндеу жұмыстары аяқталған соң 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, ауыл шаруашылығының өнім өндіру көлемі артады.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланудағы 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта жеті  каналпайдалануда . 

Алдағы төрт жылда жалпы 195,74 шақырымды құрайтын 22 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу күтілуде дейді салаға жауапты мамандар.


Желаяқтар анықталды
Көшелердің құрылысы әкім назарында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу