Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтуде

Oinet.kz 06-10-2021 607

Screenshot_2.png

Еліміздің үшінші мегаполисі соңғы жылдары инвесторларды магнитше тартуда. Шымқаланы дамытуға ат салысуға ниеттілер түрлі жобаларды ұсынып келеді. Әкімдік тарапынан да инвестиция салушыларға қолайлы жағдай жасауда. Таяу арада поляк кәсіпкерлері де Шымкентке инвестиция салуы мүмкін. Бұл мәселе Варшавада өтіп жатқан Қазақстан-Польша бизнес-форумында айтылды.

 Аталған жиында шымкенттік делегаттарды бастап барған қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев көпшілікке баяндамасын ұсынды. Шымкенттің жоғары әлеуетін таныстыра келе польшалық кәсіпкерлерді қалаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды. 

Форумды Қазақстан Елшілігі мен Kazakh Invest ұлттық компаниясы Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігінің, сондай-ақ Польшаның Инвестициялар және сауда агенттігінің қолдауымен Польшаның бизнес Кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, тамақ, химия, тау-кен металлургия және фармацевтика өнеркәсібі салаларының өкілдері болып табылатын қазақстандық және поляк компаниялары қатысуда. 

Форумның мақсаты Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскерлік серіктестері арасындағы қолданыстағы байланыстарды нығайту және жаңаларын жолға қою, инвестициялық жобаларды таныстыру болып табылады.


Түркістан облысында «Қайырымдылық керуені» байқауы басталды
Жастар тәуелсіздікті жырлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу