Түркістан облысы тұрғындарының көптігімен екінші орында

Oinet.kz 17-09-2021 394

Түркістан облысы бойынша санаққа қатысқандар саны – 357 мың 969. Жалпы Түркістан облысында 2 млн 61 мың 562 адам тұрады. Бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша халық саны жағынан Түркістан облысының екінші орында екендігін көрсетеді.

image.png

Халық санағы ел аумағында тұратын халық санының ресми есебін жүргізуге мүмкіндік береді. 1 қыркүйекте бұл жалпыұлттық санақ - ең шынайы, сенімді ақпарат көзі. Өйткені ол азаматтардың жеке сауалнамаларына негізделген. Халық санағына қатысатын Түркістан облысының тұрғындары өздері туралы ақпарат беріп, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады.

Мысалы, жұмыссыздардың жауаптары еңбек нарығын зерттеуге және қажет болған жерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Балалар саны туралы мәліметтер мектептер, балабақшалар және басқа да балалар мекемелерін салу жоспарларын түзетуге көмектеседі. Тұрғылықты жері туралы деректер жолдар мен басқа да қажетті инфрақұрылым құрылысын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Халық санағының қорытындысы өткен 10 жыл ішінде халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуында болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді. Санақ облыс, қала және ауыл халқының санындағы, жынысы мен жасына, неке жағдайына, ұлттық құрамына, азаматтығына, діни сеніміне, білім деңгейіне, тілдерді меңгеруіне, үй шаруашылықтарының саны мен мөлшеріне, тұрғын үй жағдайларына және басқа да сапалық және сандық белгілеріне қарай өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Халық санағының нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайын, неке-отбасы қатынастарын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, сондай-ақ білім беру, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін қажет.

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы ұлттық халық санағы 1999 жылы, ал екіншісі – 2009 жылы өтті. Ауқымды шараны Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі ұйымдастырды. 2018 жылдың сәуір айында Қазақстан халқының пилоттық санағы өтті. COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасында 2020 жылға жоспарланған кезекті ұлттық халық санағын өткізу 2021 жылға ауыстырылғаны белгілі.

Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі

Түркістан облысында отбасымен онлайн санаққа қатысушылар көбейді
Шөкеев «Мақтааралға» ақыл-кеңесін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу