Түркістан облысының жүзден асқан қариялары онлайн санаққа қатысты

Oinet.kz 16-09-2021 389

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 100 жастағы тұрғын жалпыұлттық халық санағынан алғашқылардың бірі онлайн тіркеліп өтті. Ақсақал пандемияға қатысты кейінге шегерілген саяси науқанның басталғанын асыға күткенін айтады. Соғыс ардагері Эрмохан Ишхонов жылдар бойы авиациялық әскери қызметте болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы», «1941-1945 жылдары Отан соғысы» ордендерімен, «Мінсіз қызметі үшін», «Ерлігі үшін» және басқа да 20-дан астам медальдармен марапатталған. Жеті баланың әкесі бүгінде олардан 33 немере, 49 шөбере, 6 шөпшек сүйіп, немеренің қуанышына бөленіп, шөберелерінің қолынан су ішкен жайы бар.

101 жастағы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылының тұрғыны Жадыра Кескенбаева Ұлттық халық санағына қатысу бақыты бұйырғанына шексіз риза. Ғасыр жасаған қарияға онлайн санақтан өтуге шөбере, шөпшектері көмектескен. 1920 жылы дүниеге келген әжей 3 ұл 4 қыз тәрбиелеп өсірген көпбалалы ана. Бүгінгі таңда олардан 35 немере, 82 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отыр.

– Халық санағын асыға күттік. Санаққа қатысып, тіркеуге жазылғанымыз үшін бақыттымыз. Баршаңызға Алла біздің жасымызды берсін. Біз секілді немере, шөбере, шөпшек көріңіздер, – деп алғысын білдіріп, ақ табасын берді қария.

Түркістан облысында 35 нысанның жұмысы тоқтатылды
Түркістан облысының Келес ауданында жолдар 97 пайызға жаңарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу