Түркістан облысының Созақ ауданында Мәдениет үйі салынуда

Oinet.kz 14-09-2021 416

Түркістан облысының Созақ ауданында Мәдениет үйі салынып жатыр. Бүгінде Қарағұр ауыл округінде қарасты құрылыс ғимаратының қабырғасын қалау, шатырын жабу жұмыстары толық аяқталған. Құрылыс жұмысы қарқынды жүргізілп жатыр. Ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

image.png

Жетпіс бес орындық мәдениет үйін «Векстройком» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатыр. Маусым айында басталған құрылыс нысанын жыл соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр. Құрылыс жұмыстары аудан әкімі Салыхан Полатовтың тікелей бақылауында тұр.

Созақ ауданында мәдениет үйінен бөлек өткен жылы 25,5 шақырымды құрайтын аудан елді мекендерінің 20 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 14 шақырымды құрайтын 7 көше жөнделді. 12 шақырым жол жергілікті бюджет есебінен жөнеуден өтті. Атап айтсақ, Шолаққорған ауылының 8 шақырымнан асатын 8 көшесіне асфальт төселген. Созақ ауылының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Сонымен қатар, Таукент кенті мен Қаратау, Құмкент, Қарағұр елді мекендерінің ішкі жолдары орташа жөндеуден өтті. Одан бөлек, Абай, Қозмалдақ, Аққолтық елді мекенінің ішкі жолдары жөнделді.

Биыл жалпы 30 шақырымды құрайтын 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 12 шақырымды құрайтын 9 көшенің жолы жөнделсе, тағы 20 көшеге жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет қаржысына жөнделмек. Айта кетейік, Созақ ауданында 973 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар. Оның 435 шақырымы облыстық, 80 шақырымы аудандық маңызы бар жол. Елді мекендердің ішкі жолдары – 458 шақырым.

Шымкент жасыл желекке орануда
Түркістан облысында 35 нысанның жұмысы тоқтатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу