Бұқаралық спортты дамыту - мықты ұлтты қалыптастырады

Oinet.kz 30-09-2021 741

Screenshot_8.png

Қазіргі кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі спорт саласын дамытуға баса назар аударып келеді. Президент тарапынан нақты тапсырмалар да берілуде.

Осы орайда Шымкентте қала әкімінің жастарды спортқа баулу жөніндегі тапсырмасына сәйкес бірқатар жоба қолға алынған. 

Атап айтқанда, Еңбекші ауданы аумағында биыл 15 спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр. Бүгінге дейін бір спорт алаңы құрылып, тұрғындар игіліне тапсырылды. 

Ал 14 спорт алаңшасын құру жұмысы қарқын алып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. 

Тұрғындарын бұқаралық спортпен қамтуды қолға алған Еңбекші ауданы әкімдігі тарапынан құрылыс жұмыстар бақылауға алынып, сапасы мен уақытылы пайдалануға берілуін қадағалап отыр. 

Мамандардың мәліметінше жалпы қалада 890 спорт нысаны бар. Бұқаралық спортпен тұрғындардың 31 пайызы қамтылған. Биыл қаланың шалғай елді мекендерінде 115 әмбебап спорт алаңшалары салынады деп жоспарланған. Сондай-ақ 4 мыңнан астам бала спорт үйірмелерімен қамтылған. 

Бұқаралық спортты дамытудың негізінде сау әрі саналы ұрпақ, мықты ұлт қалыптасады. 


Аллюминий банкалар өндірісі іске қосылмақ
Корпоративтік парасаттылықты нығайту шарт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу