Түркістан әуежайынан үш елге, 15 қалаға ұшақпен қантынауға болады
Түркістан облысындағы елімізде іске қосылған ең соңғы Түркістан халықаралық әуежайы «Түркістан-Талдықорған» әуе бағытымен толықты. Билет құны сегіз мың теңгеден басталады. Осылай Түркістанды Қазақсатн қалаларымен қатар шет елдермен байланыстарын әуе рейсі бағыттарының саны он беске жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде әуежайдан халықаралық және ішкі бағыттар бойынша бірнеше әуе рейстері орындалуда. Атап айтқанда Түркістаннан Түркияның Стамбул қаласына аптасына төрт рет ұшақ қатынайды. Бұл бағытта сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері ұшады. Түркістаннан Қырғызстан астанасы Бішкекке, Өзбекстан астанасы Ташкентке аптасына екі рет – дүйсенбі, бейсенбі күндері ұшақпен барып келуге болады. Ал, Түркістан мен еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласын күнделікті ұшақтар жалғайды.
«Түркістан -Алматы» бағытында аптасына бес рет – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері ұшуға мүмкіндік бар. «Түркістан-Қостанай», «Түркістан-Семей», «Түркістан-Атырау», «Түркістан-Қарағанды» бағыттарында аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері әуе кемесінің көмегін кеңінен қолдануға болады.
Ал, сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері, яғни аптасына үш рет «Түркістан-Көкшетау», «Түркістан-Ақтөбе», «Түркістан-Ақтау», «Түркістан-Павлодар» бағыттарында әуе кемелерінің қызметтерін пайдалану қарастырылған. Тек бұған дейін «Түркістан-Орал» бағытында аптасына екі рет – сейсенбі, сенбі күндері Батыс Қазақстан облысына ұшақпен барып келу мүмкін болып келсе, енді Алматы облысына да бейсенбі, жексенбі күндері ұшақпен қатынау мүмкіндігі ашылды. «Түркістан-Талдықорған» бағытында аптасына екі рет ұшуға болады.
Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz. probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады.