Түркістандық конкур спортшылары Еуразияның үздктері атанды
Алматы облысы Талғар ауданында конкур спортынан Əлем Кубогінің Еуразия лигасында командалық жарыста Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында түркістандық өрендер де өнер көрсетті.
Конкурдан əлемнің ең үздік спортшылары бас қосқан Еуразия лигасына Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің талантты шəкірті Шыңғыс Маликаждар Таймас атты сəйгүлігімен 125 сантиметр биіктіктегі кедергіден секіруде жекелей сында күміс жүлдені иеленді. Бұдан басқа қашықтықтарда түркістандық Ғани Аян мен Равиль Тұрсынов, сондай-ақ Шыңғыс Маликаждар бұл додадан алтын медаль иеленді. Өзінің бұл жетістігіне Шыңғыс Маликаждар ұзақ уақыт тыңғылықты дайындалғанын айтты.
Бұған қоса жуырда Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің ізбасарлары Ресейдің Мəскеу қаласында өткен конкурдан халықаралық жарыстан жүлделі оралды. Дүбірлі додада болашағы жарқын Шыңғыс Маликаждар қола жүлдегер атанды. Түркістандық конкуршы жарыстың екінші күнінде 130 сантиметр биіктікке қайта секіруден жүлдеге ие болды.
Соңғы кезде облысымызда жастар арасында əлемдік деңгейде қарқынды дамып келе жатқан конкур спортына қызығушылықтары артып келеді. Бұл туралы айрықша қолдау білдірген Түркістан облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының туған елге олжамен оралған спортшыларды қабылдап, оларға сый-құрмет көрсеткен жиынында облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғани Ахметбаев айтты.
Спорт мамандарының айтуынша, конкур спорты олимпиада ойындары мен халықаралық əлемдік жарыстарда жанкүйерлері көп əрі өнердің шыңын бағындыратын спорт түрі саналады. Қазір түркістандық бапкерлер мен спортшылар халықаралық тəжірибеге сай бұл спортты дамытуда жаңа бағдарламалармен жұмыс істеуде. Осылайша, сүйгүлікпен тамаша өнер көрсететін конкуршылар талай əлемдік аренада жеңістерге жетуді мақсат етеді.